12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ШЫМКЕНТ:ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 21 МАМЫР КҮНІ ОРЫН АЛҒАН ЖАРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ БРИФИНГ БЕРДІ

Өрт 2022 жылдың 21 мамыр күні Еңбекші ауданы, Ғани Иляев көшесі, 142 мекенжайында орын алған.
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында шыққан өртке байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Есенгелдіұлы шұғыл брифинг берді.

– Жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр. Қабырғалары кірпіштен қаланып, төбесі ағаш жәшікке салынған. Сағат 12:06-да өрт ауыздықталды. Өрт аумағы шамамен 55 шаршы метрді құрады, — деді полковник.

Спикердің сөзінше жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алған. Сондай-ақ, жақын маңдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің балконы мен терезелері және сол аумақтағы 7 жеңіл автокөлік зақымдалған.

Баспасөз жиынында спикер ТЖ жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылғанын және жарылыстың себебі әлі анықталып, төтенше жағдайды жою жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, өрттің шыққаны туралы 21 мамыр күні сағат 11:36-да «101» пультіне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында ер адамның мәйітін тапқан. Оның жеке басы анықталуда.

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....