12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мұрагерлер мұрадан бас тартуға құқылы

Қазақстанның басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл заңдылық Конституцияның 1-бабымен айқындалған. Ал, меншік адамның өмір сүруінің негізі. Сондықтан, азаматтардың заңды түрде алған дүние-мүліктері, яғни, жеке меншігі, оның ішінде мұрагерлік құқықтары Ата Заңмен кепілдендірілген.
Мұрагерлік құқықтың адам баласы үшін маңызы қашанда айрықша. Мысалы, мұрагерлік мәселесіне хандық дәуірде де ерекше көңіл бөлінген. Тарихқа жүгінсек, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдарында саяси, әкімшілік, әскери мұрагерлікпен қатар отбасылық қарым-қатынастағы мұрагерлік те қамтылған.
Өмірде болатын түрлі жағдайға орай, мұра немесе мұрагерлікке қатысты туындар мәселе көп және бұлар өз кезегінде тездетіп шешуді талап етеді. Мұрагерлік құқықтық қатынастардан пайда болатын даулардың соттар мен нотариустар тәжірибесінде аз еместігі осының айғағы.
Қазақстан азаматтары тегіне, біліміне, ұлтына, наным-сеніміне, атқаратын қызметіне, әлеуметтік, тағы басқа жағдайларына қарамай мұрагер болуға құқылы. Заңмен реттелген нормалардан басқа жағдайда, ешкімнің де құқық немесе әрекет қабілеттілігіне шектеу қойылмайды.
Мұра мәселесі Азаматтық кодексте толық қарастырылған. Жалпы алғанда, мұрагерлік заң немесе өсиет бойынша жүзеге асырылады. Заңға сай айтсақ, алдымен мұрагерлер, одан соң олардың кезегі анықталады. Осыдан кейін ғана мұрагерлер өздеріне тиесілі мұраға заң бойынша ие болады. Даулы мәселе туындаса оны әр адам сотқа жүгіну арқылы шеше алады.
Аталған кодекстің 1042-бабында көрсетілгендей, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагерлер мұраны қабылдаудан бас тартуға да құқылы. Бұл үшін олар алты ай ішінде мұра қалдырушы тіркелген мекенжайда орналасқан нотариусқа өтініш жазулары керек. Белгілі бір себептермен өткізіп алған мерзімді сот арқылы қалпына келтіруге болады. Егер мұрагерлердің бірі мұрадан бас тартса, оған есептелуге тиiс бөлiгi мұрагерлер арасында мұралық үлестерiне қарай бөлiнедi. Айта кетерлігі, мұрагерлік құқық бойынша мұрагерлерге мұра қалдырушының борыштары ауысады. Егер мұра қалдырушы банктерге борыштар болса, кредит берушiлер өздерiнiң талаптарын мұраны сенімгерлікпен басқарушыға немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде қоя алады.
Мұра қалдырушы өзінің мүлкін немесе оның бір бөлігін кез келген адамға, мемлекетке, басқа да қоғамдық ұйымдарға өсиет бойынша қалдыра алады. Бұған қоса ол өсиетінде мұрагері кенеттен көз жұмуы немесе оны қабылдмауы мүмкін екенін ескеріп, басқа мұрагерін көрсетуге де құқылы.
Заң бойынша мұраға бірінші кезекте туған балалары, жұбайы мен ата-анасы, т.б. ұрпақтары тең үлеспен иелік етеді. Бұлар болмаса, мұра қалдырушының бауырларына, яғни, аға-інілеріне, әпке-қарындастарына және ата-әжелеріне теңдей бөлінеді. Ал, жиендері, немерелес туыстары мен әкесі не шешесі бөлек бауырлары мұраға ұсыну құқығы арқылы ие болады.
Мұра иесі өсиет бойынша мұрагеріне бір немесе бірнеше адамның пайдасын көздейтін міндетін орындауды, мысалы, оның меншігіне бір затты беруді, сондай-ақ, тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін өмір бойы пайдалануды, белгілі соманы төлеуді тапсыра алады. Өсиетті мұра қалдырушының өзі жасауы қажет. Сонымен қатар, оның кез келген уақытта өсиеттің күшiн жоюға немесе өзгертуге құқығы бар. Мысалы, қазақ халқында әке өсиеті көзінің тірісінде куәгердің қатысуымен ауызша айтылған және оны орындауға барлығы міндетті болған.
Өсиет жазылмаған немесе мұраның кімге тиесілі екені нақты көрсетілмеген кезде мұрагерлік Азаматтық кодекс талаптарымен жүзеге асырылады. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге дейін мұрагерлікті реттеу ісінде азаматтар нотариустың көмегіне жүгінеді.
И.Абекова,
Түрксіб аудандық сотының судьясы,
Алматы қаласы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...