12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік сатып алу
дауларын шешудің реті

Мемлекеттік сатып алудың ел экономикасында алатын орны үлкен.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ, әлеует­ті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу, мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы, отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге ҚР ратификация­лаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу заңдылықтарын реттейді.
Мемлекеттік сатып алу процесі:
1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеуді және бекітуді;
2) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтиды.
Аталған мемлекеттік сатып алудың өнім берушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу процесі жария-құқықтық қатынастардан туындайды. Сондықтан осы процесс барысында туындайтын даулар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралады.
Ал мемлекеттік сатып алудың мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау процесі шарттық қатынастардан туындайтын дау ретінде азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралады.
Мемлекеттік сатып алу даулары бо­йынша әкімшілік актіге және әрекетке (әрекетсіздікке) дау айту және әрекет жасауды міндеттеу туралы талап қоюлар қойылады.
Аталған даулар бо­йынша дәлелдеу міндеті ӘРПК-тің 129-бабына сәйкес, талап қоюшыға құқықтарының, бос­тандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, келтірілген залалдың мөлшерін, сондай-ақ, әрекет жасауды міндеттеу талабы бойын­ша өзі үшін қолайлы фактілерді дәлелдеу, ал жауапкерге қабылданған әкімшілік актінің және әрекет жасаудан бас тартудың негізділігін дәлелдеу жүктеледі.
Мемлекеттік сатып алу даулары бойынша, заңның 47-бабына сәйкес, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі қарастырылған және ол міндетті болып табылады.
ӘРПК-тің 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік сатып алу даулары бойынша талап қоюлар сотқа, заңның 47-бабында қарастырылған дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталғаннан кейін беруге болады.
Мемлекеттік сатып алу даулары бойынша жауапкер ретінде мемлекеттік мекемелер болғандықтан, талап қоюшы талап қоюды сотқа беру үшін мемлекеттік бажды Бюджеттік кодекстің 49-бабы 1-бөлігінің 36) тармағына сәй­кес, республикалық бюджетке (БСК 108125) төлеуі тиіс.
ӘРПК-тің 143-бабына сәйкес мемлекеттік даулар бойынша уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бо­йынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
ӘРПК-тің 146-бабының 2-бөлігіне сәйкес уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы әкімшілік істер оған сот отырысында талқылау тағайындалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.
ӘРПК-тің 168-бабының 4-бөлігіне сәйкес, уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.
ӘРПК-тің 151-бабына сәйкес ше­шім әкімшілік істі талқылаудан ке­йін шығарылады және ауызша талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалады. Айрықша жағдайларда әкімшілік істің күрделілігі ескеріле отырып соттың шешімі ауызша талқылау аяқталған күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей дайындалады. Шешімді шығару күні болып – ауызша іс жүргізу бойынша шешім жарияланған күн, ал жазбаша іс жүргізу бойынша соттың шешімінде көрсетілген күн саналады.
ҚР Азаматтық процестік кодекстің 401-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі сот шешіміне апелляциялық шағымын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісімі болған кезде бере алады.

М. Сәрсенов,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...

Заң консультанттарының міндеттері мен қызметтері туралы

       Заң консультанттарының міндеттері  мен  қызметтері  Қазақстан Республикасының 2018...

Төрелік етер төрді сыйла

Сот – биліктің бір тармағы. Сот алаңындағы төреліктің туралығына...

Сот шешімі орындалуымен құнды

Сот шешімі – сот жұмысының ең негізгі түйіні. Сотқа...