12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Діни экстремизмге тосқауыл қою – діни сауаттылықтан басталады

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры журналистер арасында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша үздік материалдар байқауын жариялады. Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл шара биыл бесінші жыл қатарынан өткізілуде. Байқау аясында интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала, интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала; интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең үздік тақырыптық әлеу­меттік бейнеролик; ең белсенді блогер номинациялары белгіленген. Ал байқаудың жалпы жүлде қоры 1 250 000 теңгені құрап отыр.
Дәстүрге айналған байқауға жылына 60 шақты журналистер мен блогерлер қатысып келеді. Олардың ұсынған жобасы осы байқауға арналып жазылуы тиіс. Яғни, осыған дейін жарық көрген мақалалар емес, байқау жариялаған соң арнайы жазылып, еліміздің зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндірген, дін атын жамылған экстремистік ағымдардың қоғамға зияндылығын түсіндірген, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізе отырып, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсетуді мақсат еткен мақалалар байқауға қабылданады. Байқауға қатысқысы келген ынталылар 16 мамырдан бастап 1 қазанға дейін [email protected] электронды поштасы арқылы өз шығармасын жолдай алады.
Қоғамымыз үшін діни экстремизмнің алдын алу аса маңызды болып отыр. Өйткені, қоғамды дүрліктіріп, халықтың ашу-ызасына тиген, талай жазықсыз жанның өмірін жалмаған лаңкестік әрекеттердің басым бөлігі діни экстремистердің қолымен жасалғаны жасырын емес. Сондықтан Мемлекет басшысы да діни экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейту қажет екенін үнемі айтып келеді. Экстремис­тердің жалпы қоғамымызға, мемлекетімізге зардабы жоғары екенін ескерсек, олармен қоғам болып күресу маңызды. Ал діни экстремизм­нің зардабын қоғам мүшелеріне таразылап көрсететін журналистер болғандықтан жоғарыдағыдай байқаулар ұйым­дастыру маңызды.
Сирияға кеткендер – радикалды ұйымдардың «еңбектерінің жемісі» екені жасырын емес. Оқ пен оттың арасына барған соң ғана өзінің адасып жүргенін сезінген қандастарымызды «Жусан» операциясы арқылы елімізге әзер жеткіздік. Сондықтан діни экстремизмнің алдын алу жолында қоғамымызды қажетті ақпараттармен сусындату, түсіндіру-насихаттау жұмыстары өте қажет.

Ерғали Ахилбекұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:
– Діни экстремизмнің алдын алу үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінен төрт бағытты қамтуда. Біріншісі, діни ағымның жетегінде кетіп қалған азаматтарды оңалту. Екіншіден, халық арасында түсіндіру жұмыстары болса, үшіншіден, әлеуметтік желі, порталдар арқылы жұмыс. Яғни, бір кездері халық жеткілікті ақпараттың жоқтығынан жат ағымдардың жалған уағыздарының жетегінде кеткенін ескеріп, енді оларды жойып, оның орнына халыққа қажетті, кез келген сұрағына жауап алатындай мүмкіндік туғызып, ғаламторды халыққа қажетті ақпараты бар бейнематериалдармен қамтудамыз. Төртіншіден, дінаралық келісім. Яғни, еліміз көп конфессиялы мемлекет. Мысалы елімізде 18 конфессия тіркелсе, Алматыда 17 конфессия өкілдері тұрады екен. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда елімізде бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленген деп айтуға болады. Рас, діни экстремизмнің алдын алу үшін елімізде жұмыстар бұрыннан жүргізіліп келеді. Бірақ қазір бұл жұмыстар күшейтіліп, бір жолға қойылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамауы керек. Алматы қаласында діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарға кеңес беру орталығы жұмыс жасайды. Өткен жылы сол орталықтың аясында екі мыңға жуық азаматпен әңгімелесу, түсіндіру жұ­мыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері үш жүздей адаммен оңалту жұмыстары жасалған екен. Соның арқасында былтыр 113 адамды, биыл 22 азаматты дәстүрлі дінге қайтарыппыз. Сондықтан, мүмкіндігінше қоғамымызда жат ағымның жетегінде кетудің зардабы ауыр екенін түсіндіру жұмыстары көбірек насихатталғаны дұрыс деп санаймын. Бұл байқау осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Қуаныш Ермекова

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.