12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәжбүрлі еңбекке тартылды

Пробация есебінде тұрған сотталған азамат сотпен жүктелген мәжбүрлі еңбекті орындауда.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сауран ауданында мәжбүрлі еңбекке тартылған азамат тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарда тиісті жазаларын орындап жатыр.
Тіркеуде тұрған бір азамат ауыл көшелерін тазалау барысында сот тағайындаған 80 сағаттық мәжбүрлі еңбекті өтеуде. Атап айтар болсақ, бұл азамат жұмыс күндері 4 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылып, өзіне берілген жазаны өтеп жатыр.

-Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 80, 100 және 300 сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Осындай жаза түріне сотты болғанның бірі Түркістан облысы Сауран пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын Болман есімді сотталған аудандық сотының үкімімен ҚР-ның ҚК-нің 296-бабы 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 80 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.

Пробация инспекторының сөзіне қарағанда бұл мәжбүрлі еңбек бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азаматтар үшін тиімді. Себебі, олар жұмыссыз үйде жатпайды, 4 сағат болса да еңбек етіп, жұмыс жасауға дағдыланады. Ал, кейбір сотталған азаматтар тез арада жұмысқа орналасып кететін жайттар да кездеседі екен. Сотталған Болман есімді азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Сауран аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа жіберілді.
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше өздеріне берілгене жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін, 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде өз жұмысын бастайды.

Қазақта «қолыңмен істеген істі, мойныңмен көтер» дейді ғой. Әрине, өзімнің жасаған қылмысымды мойындаймын. Қателікке бой алдырып есірткі заттарын пайдаландым. Өзге Маған қоғамдық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Он күннен бері осы жазаны өтеп жүрмін. Енді 80 сағаттық еңбегімді өтеймін. Жасаған қылмысыма өкінемін, оны алдағы уақытта қайталамаймын, — деді сотталған Болман.

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...

Қылмыстың алдын алу

Жедел кеңестің шешіміне сәйкес, Сарыарқа аудандық пробация қызметінің есебінде...

Арба ұрлаған азамат қосымша жазасы мәжбүрлі еңбегін атқарып жүр

Жуырда С. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен кінәлі...