12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды

Өткен аптада Қазақстан оқушылары алғаш рет дүниежүзілік гимназиадаға аттанған еді. Білім және ғылым министрлігі барлығы 234 оқушыны Францияға шығарып салған. Ал бүгінде олар 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан биыл алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып жатыр. Олар әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сонымен бірге дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды.

Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-дағы арнасында қуанышты жаңалықты хабарлап, оқушыларды жеңісімен құттықтады.

Барлық жеңімпазды лайық жеңісімен құттықтаймын! Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сонымен қатар қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Әуежайдан шығарып салғанда сіздердің ұмтылыстарыңызды, талпыныстарыңызды байқадым. Алдағы ойындарда жеңістер тілеймін! Туған жерде сіздерді асыға күтіп, барлығы жанкүйер болып отырғанын ұмытпаңыздар. Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов оқушылар Қазақстанды халықаралық деңгейде абыроймен танытуы үшін алдағы уақытта да жағдай жасай беретінін айтты.

О накоплении воды в водохранилищах

Задача Министерства водных ресурсов и ирригации во время паводкового...

Су қоймаларына су жинау туралы

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің...

Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғанын анықтады

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер...

Жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Астана қаласы бойынша ҚАЖД Байқоңыр...