12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды», — деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Ерден Әріповты ұжымға Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов бейнеконференция кезінде таныстырды.

Е. Әріпов 1963 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...