12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Партиялық емес байқау орталығы референдум  барысын байқау бойынша  оқыту іс-шараларын бастады

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда байқауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік штабтардың басшыларымен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар байқаушылардың функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін талқылады.

Төлеген Күнәділов атап өткендей, сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын байқау дауыс берудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Отырысқа қатысушылар сайлау органдарының құзыреті, дауыс беру күні сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттары сынды мәселелерді қарады.

Сонымен қатар, дауыс беруді ұйымдастыру аспектілеріне және дауыс беру тәртібіне, соның ішінде сайлау учаскесінде дауыстарды санауға ерекше назар аударылады.

Отырыс барысында облыстық штабтың байқаушылар үшін сайлау заңнамасының нормалары мен «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізуге дайындығы да атап өтілді.

Бүгінгі таңда республикалық штаб байқаушының жұмыс дәптерін, жадынамаларды, заңнамалық актілерден үзінділерді, сайлау барысын байқау ережелерін және басқа да әдістемелік материалдарды дайындады.

Кездесу соңында Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов алдағы референдум аясында байқуды ұйымдастыруға дайындыққа қатысты өңірлік штаб басшыларының бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Еске салайық, 5 мамырда Партиялық емес байқау орталығы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға байқаушылар ретінде қатысу ниетін білдірді.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...