12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық тергеу басталды

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Халыққа ақпарат беру мақсатында Qnet компаниясының қызметіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету») бойынша Алматы қаласы ПД Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаймын», — деп жазды ол Telegram-каналында

Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Qnet ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейді, компанияның банктік және инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары мен өзге де рұқсат құжаттары, сондай-ақ банк операциялары жоқ.

Халықтан қырағы болуын және қаржы ресурстарын инвестициялауды қадағалауды сұраймын. Құқық қорғау органдарына Qnet компаниясы материалдық шығын келтіргені туралы арызбен 220-дан аса адам жүгінген», — деді Алматы ПД басшысының орынбасары. 

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...