12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы кім? Танымал промоутер жауап берді

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы жекпе-жегін жариялап, оны қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы деп атады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін жекпе-жекте ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағына таласады.

«Сенбі күні Resorts World Las Vegas стадионында қазақстандық келесі супержұлдыз Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен кездеседі. Бұл ESPN және ESPN+ арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі», — деді Арум Twitter-де.

Айта кетейік, титулдық жекпе-жек 22 мамырда «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Цифрлы Қазақстан-тиімді жоба, жарқын болашақ

  Мемлекетіміздің заман талаптарына сай болуы, экономикасы мен қоғамдық...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

Тәрбиелі болып, өмір сүрудің маңызы зор

Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізі мақсаты қоғамнан оқшаулаумен байланысты...

ЖАҚСЫДА ЖАТТЫҚ ЖОҚ

«Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дейді...