12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Текелідегі көшкіннің алдын ала себебі айтылды

Мамандар Алматы облысының Текелі қаласындағы лай көшкіні тау баурайынан келгенін айтты, — деп хабарлайды «Хабар 24«.

Алдын ала болжам бойынша, нөсер жаңбыр мен көше бойындағы су құбырының жарылуынан көшкін жүрген.

«Олардың бәрі қауіпті аймақта, техногендік сипатта деп айтуға болады, өйткені жоғарыда олар өз бақтарын ағын сумен суарады. Бұл судың бәрі жерге сіңіп кетеді және су құбыры желісінде жарылыс болды деп ойлаймыз, су үнемі топыраққа еніп, кейін жауын-шашын болды, осының бәрінен көшкін жүрді», — дейді «Казселезащита» ММ филиалының басшысы Мейрам Нұрымбетов. 

Мамандар төтенше жағдайдың салдарын жоюмен бір тәуліктен аса уақыт айналысып жатыр. Қайғылы оқиға орнына әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар күштері, еріктілер мен қала кәсіпорындары жұмылдырылды. 

Еске салайық, 15 мамырда Текеліде қатты жауын-шашын салдарынан көшкін жүрген еді. Балшық массасының астында бес үй қалған, олардың біреуі толығымен қирады. Дәл осы үйде қаза болған бала тұрған. Сонымен қатар, көшкін орталық көшелердің бірін жауып тастаған.

Кейін көшкін жүрген сәттің видеосы жарияланған еді.

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...

ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ

Дауды шешудің ең жақсы әдістерінің бірі медиация болып табылады...