12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан халқының саны өсті

1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы адам саны 19 178,8 мыңға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Қалалықтар саны — 11 419,8 мың (59,5 пайыз), ауылдықтар — 7 759 мың адам (40,5 пайыз). 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті.

2022 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (64,3 мың адам) 10,6 пайызға кеміп, 57,5 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда — 12,13 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда туғандар саны 95,6 мың адамға жетті, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (100,5 мың адам) қарағанда 4,8 пайыз аз.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны — 38,1 мың, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (36,1 мың адам) қарағанда 5,4 пайызға көп. 

2022 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 828 нәресте тіркелді. 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда (815 шетінеген нәресте) 1,6 пайызға артты. 

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...