12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алаяқтық алаңдатып тұр

Соңғы кездері адамдар арасында алаяқтық асқынып барады. Халқымыз қашанда «Адалдықтың ала жібін аттама» дегенді жас ұрпақтың құлағына құйып өсірді. Бұл адамгершілік тәрбиенің бір көрінісі ретінде бағаланды.

Өкініштісі, қазір сол асыл қасиет жоғалып бара жатқан секілді. Қашанда жалғандық адамды жарға жығып жатады. Бұған байланыс­ты қылмыстар сот органдарында жиі сарапталып, соған орай тиісті шешімдер қабылданып жатады. Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы талай адамды осындай қиындыққа душар етті.
Қылмыстық кодекстің 190-бабында алаяқтыққа 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соған сәйкес мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан айыру немесе белгілі бір қыз­мет түрімен айналысуына шектеу қою жазасы қарастырылған.
Осыған қатысты қылмыстық істерді саралап көрсек, көп түйткілді мәселеге көз жеткізуге болады. Алдау бөтеннің мүлкін жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында жүзеге асады. Бұл алаяқтық жасау тәсілі деп есептеледі. 
Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады. Ол Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Егер адам құқық беретін немесе міндеттерден босататын жалған ресми құжатты қолдан жасау жолымен аляқтық жасаса, жасалған әрекетті ҚК-нің 385-бабының бірінші бөлігінде және ҚК-нің 190-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралаған жөн.
Сондай-ақ, қазіргі технология дамыған кезеңде алаяқтық жағдай күрделене түсті. Интернет пен цифрлы технологияны пайдалана отырып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыратын адамдар бар. Бұл оған қатысты қылмыс түрлерін түебегейлі өзгертті. 
Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар ма­ңызды рөл атқарады. Бүгінде жаһандық желі игілігін пайдалана отырып, виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алған едік. Нәтижесінде кейбір тауарлар түріне сол арқылы тапсырыс беруге қолайлы жағдай туды. Дегенмен, соңғы 10 жылдың көлемінде интернет көзі арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық айқын көріне бастады.
Бас прокуратура интернет-алаяқ­тыққа байланысты ел тұрғындарына үндеу жариялаған болатын. Жат әдеттің көбейіп бара жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есеге өскен. Ол 2017 жылы 2 мыңды құраса, ал 2021 жылы 21 мыңға дейін жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары.
Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.
Жалпы, интернет алаяқтық жағда­йының жартысы дәл осындай жолмен жасалғанын назарға алуымыз қажет. Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қылмыс жасаған.
Қазіргі таңда қаржы пирамидалары өзін жоғары табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді. Белсенді жұмыс жүргізіп, онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн жобаны ұсынады, танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.

Нұржан Мелдебаев,
Алматы ауданы №2 сотының судьясы
Нұр-Сұлтан қаласы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...