12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мінсіз қызмет – бізге міндет

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Бұл кодекс қызметтік әдеп стандартын белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-­адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту мақсатында әр мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен жүзеге асыруы керек. Осыған орай кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын жаңа тарау енгізілген. Ол мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі таза ниет, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық сынды алты қағидатқа негізделген.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбаев: «Әдеп кодексінің жаңа нұсқасында «адамға бағдарланған» мемлекеттік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудегі ашықтық қағидаларының сақталуына басымдық беретін талаптар енгізіліп отыр» деп атап өткен. Яғни, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген болса, жаңа редакцияда бұл олқылықтар жойылып, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімі нақтыланды. Сонымен бірге, агенттіктің Әдеп жөніндегі комиссиясына облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері орынбасарларының, об­лыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандары мен қала аудандары әкімдерінің, облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қала әкімдерінің, комитеттер төрағаларының, сондай-ақ, облыс әкімі аппарат басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін қарауға өкілеттік берілген.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Д.Ерликова,
Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...