12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңа Қазақстанға
Жаңа Конституция керек

Референдум бойынша жеке пікірім. Айтарым көп, бірақ екі маңызды мәселе жайында айтпақпын. Ата заңды өзгерту билік үшін емес, ең алдымен халық үшін керек. Сондықтан халық алдында нақты, түсінікті сұрақтар қойылуға тиіс, өйткені, әр азаматтың түсінігі, білімі, ойы, пайымы, интелектуалы сан түрлі.

Бұқаралық ақпарат құралдарына басылған Конституцияға 33 өзгеріс енгізу туралы жобаны оқып, түсініп жатқан адамдар пайызға шаққанда саусақпен санарлық деп ойлаймын. Өйткені, Конс­титуцияның «мына бабы толықтырылсын, мына бабы мынандай деп өзгертілсін, басқа бабы алынып тасталсын» деген сөздер қарапайым халық тұрмақ, заңгерлердің өзінің түсінуіне қиындық тудырады. Ол үшін Ата Заңның өзін алып, негізгі мәтіндермен болатын өзгерістерді салыстыра отырып қарау керек.
Шындығын айтқанда, бас құжаттағы баптарды халықтың бәрі қолына қалам алып, жіті тексеріп, салыстырып шығатынына сену қиын. Бір дауыс беруші азамат бір, не бірнеше өзгеріспен келісуі мүмкін, ал керісінше ол басқа өзгерістермен келіспеуі де мүмкін. Сонда қалай дауыс береді? Сол жағы түсініксіз.
Меніңше, Жаңа Қазақстанға мүлдем Жаңа Конституция қажет. Қоғамда біріншіден, бәрінің айтары, сот тәуелсіз болуы керек, ол тек Конституцияға, заңдарға бағыну керек. Сол үшін Конституциялық сотты қайта құруды толық қолдаймын. Алайда, Конституциялық сот құрамындағы төрт судьяны Президент ұсынатыны және оның төрағасын Сенаттың келісімімен Президент тағайындайтыны, сонымен қатар Конституциялық сот төрағасының орынбасарын сол төрағаның ұсынысымен тағы да Президенттің тағайындауы – бұл сотты тәуелсіз ете алмайды, қайта билікке тәуелді етеді. Қалған үш судьяны Мәжіліс пен Сенат сайлайды. Оның қалай өтетіндігі, процедурасы бұрыннан белгілі. Сенат шындығын айтқанда, тікелей Президентке бағынышты орган.
Тәуелділік болған жерде қайдағы әділеттілікті айтуға болады? Сондықтан әділетті қоғам орнатқымыз келсе, Сот әділетті, шынайы тәуелсіз болуы керек.
Бұл өзгерістерде, ең басты сұрақ – Мемлекеттік тіл туралы мәселе көтерілмеген. Соны осы өзгерістермен бірге көтерген дұрыс еді деп ойлаймын. Ол неге басты мәселе? Себебін айтайын. Бұл жайында ғұламалар мен ойшылдар не дейді соны тыңдайық.
Г.Гете: «Ұлт тілінде сөйлемеген адам жаңалық ашып, жақсылық әкелмейді». Жүсіпбек Аймауытов: «Орыс тәрбиесін алған бала ешуақытта ұлт қызметкері бола алмайды».

В.Даль: «Кім қай тілде сөйлейді, ол сол ұлттың өкіліне жатады». Мұхаммед Қашқари: «Ұлттық тәрбиенің ең басты негізі – тіл». М.Ганди: «Отаршылардың тәрбиесінен шыққан элита – өз халқының ең басты жауы». Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ».
Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлт тілінің кеми бастауы ұлттың кеми бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
Бұл айтылған нақты ойлардан туындайтын мемлекет үшін басты қорытынды – ол тіл, тіл және тіл. «Халық өз тілінен айырылған кезде әрекетінен де айырылады» деген тәмсіл бар.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да. Өз тілін сүйген адам ғана Отанын шын сүйе алады. Балаларыңды қазақша оқытпасаңдар, қазақша сөйлемесеңдер, сендерді кім сыйлайды» деген Елбасының тағылымды сөздері қайда қалмақ? Соны ұмытпайық, қадірлі отандастар, құрметті депутаттар!
Осы айтқандарды қорыта келгенде, менің түйгенім: мемлекеттік қызметкер бола тұра мемлекеттік тіл – қазақ тілін білмеу, ол тілде сөйлемеу – қазақ мемлекетінің қадір-қасиетін түсінбеу, елді сыйламау әрі қорлау деп білемін. Қазақ тілі жойылса – қазақ ұлты да жойылатынын ұмытпайық деген жанайқайым.

Советхан Сәкенұлы,
Алматы қалалық сотының судьясы

Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі уақытта не белгілі?

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Қырғызстанда TikTok-қа кіруге шектеу қойылды

Шешім шығаруға TikTok тарапынан "Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" ҚР Заңын сақтамау негіз болғаны айтылды.

Жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін көлік жүргізушілері өмірінде не өзгереді?

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қандай өзгерістер енгізілді.

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

Антикор: Қазақстанда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

Арнайы ХҚКО-ларға жүргізілген жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 миллиард теңгеден 91,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.