12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:
«Порттардың экспорттық және транзиттік әлеуетін көтеру маңызды»

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен Әлихан Смайылов көрнекті саяси және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа барды. Онда жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңа мәдени орталықтың жұмысымен танысты. Айта кетейік, Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші мен облыстық музейінің жаңа ғимараты 2019 жылы қазан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылған. Бірнеше жыл бойы музей қызметкерлері жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдар, фотосуреттер мен құжаттар жинады, олар қазір әртүрлі тақырыптық экспозицияларда ұсынылған.

Бұдан кейін Үкімет басшысы өңір тұрғындарын сумен жабдықтайтын маңызды нысан – «Каспий» су тұшыту зауытына барды. Зауыт теңіз суын тұщыландыру үшін жаңа технология – «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңдары мен орбиталық ғарыш станцияларында қолданылатын экологиялық ең таза әдісті қолданады. Қондырғы көмегімен табиғи тұздар мен минералдарды сақтай отырып, судағы радиоактивті бөлшектер, бактериялар, вирустар және басқа да қоспалардан тазартады.
Бүгінгі таңда зауытты кеңейту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Бұл тәулігіне судың өнімділігін 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Өңірді сумен қамту, әсіресе, жазғы кезеңде, ең өзекті мәселелердің бірі. Жыл өткен сайын су тұшыту қондыр­ғыларының қуаты жетпейтіні сезіледі. Осыған байланысты үкімет зауыттың өнімділігін екі есе арттыру үшін оны жаңғыртуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы әрі уақытында жүргізу қажет», — деді Премьер-Министр.
Мамыр айында қуаттылығы тәулігіне 5 мың текше метр болатын қондыр­ғы іске қосылмақшы.Осылайша зауыттың тәуліктік өнімін 25 мың текше метрге жеткізуге болады. Сөйтіп, су тап­шылығын көріп отырған 12 ауылдың мәселесін біртіндеп шешу көзделген.

Осыдан кейін Әлихан Смайылов Қазақстандағы аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорын – «ҚазАзот» АҚ-ға барып, онда бейтараптандыру және буландыру бөлімшесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жаңа нысан компанияға жылына қосымша 415 мың тоннаға дейін өнім шығарамыз деген жоспар бар. Жобаны іске асыруға 6,3 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталды.
Премьер-Министр еліміздің өнеркәсіптік дамуын ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын айтып өтті. Атап айтқанда, «ҚазАзот» зауыты әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше рет қолдауға ие болды. Компания қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге инвестиция бөлуді жалғастырып келеді. Зауытта жаңа жұмыс орындары құрылуда, мамандар оқытылып, қайта даярланады.
«Өңірдің ерекшелігін ескере отырып, табиғи газ түріндегі шикізатының болуы компанияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін минерал­дық тыңайтқыштар өндірісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр­лігі облыс әкімдігімен бірлесіп, жұмыс орындарын ашып, жаңа өнімдер шы­ғаруы үшін «ҚазАзот­қа» көрсетіле­тін қолдауды күшейтуі керек», – деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халық­аралық көлік дәліздерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Ақтау теңіз сауда портына да барды.
Портта шығыстан батысқа, солтүс­тіктен оңтүстікке және кері қарай Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан бағытында жүк тасымалданады. Бұл – Каспийдегі ең ірі көлік торабы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтау портының базасында кемінде 19 га алаңда контейнерлік хаб салу жоспарда бар. Құрғақ жүк айлақтарының қуатын ұлғайтуды көздейтін жобаға көптеген шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр, бұл теңіз портының контейнерлік парк пен сервистің ірі торабына айналуына жол ашады.
«Маңғыстау облысының халықаралық маңызы бар, ауқымды көлік-логис­тикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті зор. Алайда еліміздің теңіз порттарының мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды, ал жүктеме орта есеппен 21% ғана құрайды. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп, транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық жүктерді бағыттау арқылы Ақтау және Құрық теңіз порттарының жүктемесін ұлғайту мәселесін пысықтауы қажеттігін айтты.
Премьер-Министр туристік аймақ объектілерінің, оның ішінде Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің, Double Tree by Hilton қонақ үйінің және сауда қатарлары бар Fairmont қонақ үйінің құрылыс барысымен де танысты.
Жаңа нысандарды іске қосудың арқасында аймаққа туристер ағынын екі есеге арттырып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Одан әрі Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында Маңғыстаудың ел дамуына, ұлттық экономикаға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Өңірде өңдеу өнеркәсібі, мұнай сервисі, құрылыс индустриясы, көлік, логистика және туризм саласы қарқынды дамып келеді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев баяндама жасады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған «Өңірді дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында бірқатар маңызды жобалардың іске асырылатынын атап өтті. Бұл жаңа өнімдер шығаруға, жұмыс орындарын құрып, облыс тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Жоспарланған жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етіп, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру қажет. Бұл – аймақ басшылығының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Бұған үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», – деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайылов биыл республикалық бюджеттен өңірді дамытуға бөлінген қаражат аясында жаңа мектептер мен көп пәтерлі үйлер салу, күре жолдарды жаңғырту және жөндеу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту жоспарланғанын атап өтті.Одан бөлек, қаражат агроөнеркәсіптік кешенді және өнімді жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталатын болады. Облыс басшылығының алдында тұрған маңызды міндет ретінде Үкімет басшысы азық-түлік бағасының өсуін тежеу мәселесін атады.
«Облыста жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 16%-ға өсті. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қолда бар құралдарды толығымен әрі тиімді қолдану маңызды», – деді.
Облыс әкімдігі сауда үстемесіне бақылауды күшейтіп, оңтүстіктегі өңірлер мен шекаралас мемлекеттерден ерте пісетін көкөністерді жеткізуге тікелей шарттар жасасуы керек, «айналым схемасы» механизмін кеңінен қолданып, форвардтық сатып алу бойынша қаржыландыруды ұлғайтуы қажет екенін айтты.
Үкімет басшысы өңірдегі өзекті мәселе – жұмыссыздық, оны шешудің негізгі жолы инвестиция тарту екенін айтты. Биыл мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлауда.
«Бірақ бір мың дегеніміз не? Об­лыста 20 мыңнан астам жұмыссыз азамат тіркелген. Облыс басшылығы салалық министрліктермен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындардағы еңбек дауларын шешудің тиімді шараларын қабылдаған жөн», – деді Әлихан Смайылов.
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Маңғыстау облысының елді мекендерін газдандыру және сумен жабдықтау мәселелеріне қатысты бірқатар басқа да тапсырмалар берді. Үкімет басшысы фермерлерді мал азығының қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен және облыс әкімдігімен бірлесіп, жеңілдіктерді ұзарту мен жем-шөпті өңірлерге жеткізу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы қажет.

Жазира Қуанышбекқызы,
Маңғыстау облысы

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.