12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Барымташыларға кешірім жоқ

Қазақ ежелден бері мал баққан халық. Мал баққан ауыл адамының көрген бейнеті мен тартқан азабы аз емес. Жем-шөбін дайындау, ауру-сыр­қауының алдын алу, күн сайын қора-қопсысын тазалап, өріске кеткенін іздеу де бір бейнет. Өйтпей қайтсін, мал – күнкөріс көзі.
Соңғы жылдары малды барымташылардан қорғау қиын тигені рас. Сорақысы, халықтың жалғыз қарасын жетектеп кетсе де, бір қора малды айдап әкетсе де, қылмыс беті ашылмай, барымташының ізі құмға сіңгендей жоқ боп кетіп жататын. Төрт түлікке телмірген халықтың базынасына назар аударған ел Президенті барымташыларға қатысты заңды қатайтуды тапсырған еді. Сөйтіп 2019 жылдан бері мал ұрлығына қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық кодекске «Мал ұрлау» дейтін 188-1-бап енгізілді. Бұл бапта заң бұзушылық аса ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылды.
Осы заңға сай, мал ұрлау қылмысын жасағандардың мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, яғни 7 млн теңге көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мал ұрлығына барғандарға сот үкімімен ең аз дегенде айыппұл салынуы мүмкін. Егер қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып не ірi мөлшерде, бірнеше рет ұрлық жасаған болса, 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Енді бұрынғыдай барымташыларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалмайды. Онымен қоса бұрынғыдай қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласып, келтiрген зиянның орнын толтыру арқылы жазадан әп-сәтте құтылып шыға алмайды.
Аудандық соттарға мал ұрлығына қатысты қаралатын істер жиі түседі. Өкінішке қарай, қылмысты жасайтындар да ауыл-аймақтың адамдары боп шығады. Ондайда екі жақ бір мәмілеге келгісі келеді. Алайда заң қатал, жаза өзгермейді. Қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Сөйтіп сот залында төрт түлікті барымталап, ауыл ішінде ұрлық жасағандар бармағын тістеп, өкініш білдіріп жатады. Осыған орай мал ұрлығы үшін жазаның жеңіл емес екенін айта беруіміз керек. Ендігі жерде азаматтар малды қараусыз қалдырмауы және ветеринарлық төлқұжатпен алып жүру керек.
Қазақ елінде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» өз дәуіріндегі заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісі болды. Міне, сол заңдардың қай қайсысында болмасын мал дауы үшін ауыр жаза тағайындалатын. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қылмыс жазаны қатаңдатумен тыйылады демейміз. Бірақ мал ұрлығының ұйымдасқан түрімен күресу үшін ауқымды шаралар тұрақты жүргізіле береді.

Әсел ДОСАЕВА,
Маңғыстау аудандық сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...