12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажының сәнді сағаттары көпшілік талқысына түсті

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының cән-салтнатты сағаттар жинағы көпшіліктің талқысына түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) демеушілік жасау және қаржыландыру тақырыбы соңғы жылдарда жиі талқыға түсетін болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Arbat.media басылымының хабарлауынша, Қазақстан Бас мүфтиінің салтанатты сағаттар жинағы желі қолданушыларының көкейінде бірқатар сұрақтар туғызған.

«Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлында қол сағаттардың тамаша жинағы бар», –  делінген “Чиновник” Telegram-арнасы.

«Қымбат сағаттарға» келсек, ҚМДБ олардың Бас мүфтиге сыйлық ретінде берілгенін мәлімдеді. ҚМДБ мұндай сыйлықты кім жасағанын нақтыламады, бірақ Наурызбай қажы ешқашан мемлекет ақшасына немесе қоғамдық қайырымдылыққа өзіне қажетті заттар сатып алмаған деп сендірді.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.