12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нұр-Сұлтан тұрғыны лотереядан пәтер ұтып алды

«Сәтті Жұлдыздың» TeleBingo лотереясына қатысқан Нұр-Сұлтан тұрғыны пәтер жеңіп алды. Бұндай ірі ұтысқа бірінші рет ие болған Владимир Stan.kz тілшісіне алғашқы әсері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Владимир бес билеттен тұратын TeleBingo және LOTO 6/49 екі түрлі жиынтығын сайт арқылы сатып алған. Айтуынша, лотереяға тұрақты түрде 10-15 мың теңге жұмсайды. Ал TeleBingo лотереясына араға бір тираж салып қатысуды әдетке айналдырғанына біраз уақыт болған. 

“Жасым 42-де. Мамандығым — инженер, мемлекеттік қызметте істеймін. Ірі ұтыс шығады деген ой түсіме де кірмепті. Бірақ билет алатын кезде бәлкім жолым болып қалар деп, әрқашан жақсы хабардан үміттенетінмін. Алайда мұндай болатынын мүлде күтпедім», — дейді ол. 

Ең алғаш Владимирге қуанышты хабарды «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының қызметкері айтқан. Алайда ол сенбей, алаяқтар хабарласып жатыр деп күдіктенгенін жасырмайды. 

«Алаяқтар шығар немесе біреулер әзілдеп айтып тұрған болар деп ойладым. Қазіргі заманда ондайға таңғалмайтын болдық қой. Содан кейін сайтқа кіріп, тираждың видеосын көріп шықтым. Сол жерден билетімнің нөмірі шыққанына көз жеткізген соң, көңілім орнына түсті. Бірақ 100 пайыз сендім деп айта алмаймын. Алайда, бүгін орталыққа келген соң ғана бойымда сенім пайда болды. Құжаттарымды өткіздім», — дейді Владимир. 

Ер адам пәтер ұтқаны жайлы ешкімге айтпаған. Тіпті отбасы мүшелері де бұл қуанышты жаңалықты естімеген екен. 

«Мен оларды алдын ала алаңдатып қойғым келмеді. Алдымен ұтыстың растығына, әзіл емес екеніне көз жеткізіп алуды жөн көрдім. Содан кейін ғана жақындарымды қуантқым келді», – дейді ол. 

Владимир алдағы жоспарлары туралы айта келе пәтер құнына сәйкес келетін лотореядан алған ақшалай ұтысты ипотекалық несиесін жабуға пайдаланатынын жеткізді.

“Бұдан бұрын да TeleBingo-дан 50 мың теңге көлемінде ұтысқа ие болғанмын. Әрі қарай да лотореяға қатысуды жалғастыру ойымда бар. Алда әлі көлік ұтуға талпынамын, бұл  – мүмкін нәрсе. Лотереяға сенбейтіндерге айтарым –  сәттілікке үміттеніңіздер. Лотерея билеті қымбат тұрмайды, ал сәттілік өз иесін табуға тиіс», –  дейді Владимир.

Ер адам лотереялардың LOTO 6/49 деген түрін ұнататынын жеткізді. Себебі ол жерде таңдау өзіңе берілетін көрінеді. 

«Өзіңнің сүйікті цифрларыңды таңдағаннан кейін жеңіске деген үміт одан сайын артады», –  дейді азамат. 

Айта кетейік, жылдың соңына дейін «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы көлік ұтысын жалғастыра бермек. Арнайы ұтысқа қатысу үшін 1 800 теңгеге LOTO 6/49 билетін алу керек. 

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...