12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны аптасына 124-ке жетеді

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуерейстерінің саны 13 мамырдан бастап 124-ке дейін екі есеге артады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Анкарада өткен президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Ердоғанның кездесуі барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Бүгінде әуе қатынастары бойынша Үкіметаралық келісім негізінде елдер арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалады. Енді 13 мамырдан бастап ұшу саны аптасына 63 рейске артпақ. Сәйкесінше, елдер арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады.

«Биыл 13 мамырынан бастап Анталия және Бодрум бағыттарында қатынайтын Air Astana, SCAT, Turkish Airlines әуе компанияларының рейс саны біртіндеп артатын болады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады», – деді Қайырбек Өскенбаев.

SCAT Анталияға аптасына 29 жаңа рейсті Нұр-Сұлтан (аптасына 7 рейс), Алматы (6), Ақтөбе (3), Атырау (3), Шымкент (2), Қарағанды (2), Орал (2), Қостанай (2), Ақтау (1), Өскемен (1) қалаларынан жүзеге асырады. Ал Air Astana Нұр-Сұлтан және Алматыдан Анталия (7 рейстен) мен Бодрумға (2 рейстен) аптасына 18 рейс жасамақ. 

Turkish Airlines Анталияға аптасына 16 рейсті Нұр-Сұлтан (5 рейстен), Алматы (4) және Қарағандыдан (3) және Бодрумға Нұр-Сұлтан (2 рейстен) мен Алматыдан (2) орындайды.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2022 жылғы мамырда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттер арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша екі елдің әуе билігі өкілдерінің келіссөз жүргізу ұсынған. Бастама қолдау тауып, келіссөздер осы жылдың шілдесінде Ыстамбұл қаласында өтеді.

Еске салайық, COVID-19 пандемиясына дейін Қазақстан мен Түркия арасында аптасына 65 әуе тасымалы жүзеге асырылған.

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...