12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Неке бұзу жөнінде талапты берудің тәртібі

Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап арыз АПК-нің 148-бабының талабына сай келуге тиiс. Сонымен қатар, мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек қоса беріледі. Неке бұзылып мүлікті бөлу кезінде баж жеке тұлғалар үшін талап қою құнынан – талап қою сомасының 1 пайызы мөлшерінде айқындалады. Арызға неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiктiң түпнұсқасы, балалардың туу туралы куәліктерінiң көшiрмелерi, еңбекақы және ерлi-зайыптылардың кiрiс әкелетiн басқа да табыс көздерi туралы құжаттар, басқа да қажеттi құжаттар қоса тiркеледi. Талап қою арызы электрондық форматта берілген кезде неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы сотқа талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданғанға дейін ұсынылуы тиіс. Түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда арыз қайтарылады.
Талапкердiң қолында кәмелетке толмаған баласы болса онда талап арыз талапкердiң тұратын жерiнде берiлуi мүмкiн. Соттар некенi бұзу туралы iстi, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қарауға тиiс. Сонымен бірге, тараптардың өзара қатынастарын, некенi бұзу туралы мәселенiң себептерiн анықтау қажет.
Сонымен бiрге, аталған жағдайларда ерлi-зайыптылардың уақытша алауыздықтары және араларындағы кездейсоқ себептермен туындаған жанжалдары, сондай-ақ, салмақты дәлелдермен расталмаған олардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де некенi (ерлі-зайыптылықты) жалғастыруға ниеттерiнiң болмауы некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуға жеткiлiктi негiз болып саналмайды. Сот текқана ерлi-зайыптылардың бұдан әрi бiрге өмiр сүрiп, отбасын сақтау мүмкiн болмаған жағдайда ғана, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi талапты қанағаттандыруға құқылы.
Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады.
Егер ерлі-зайыптылардың арасында мұндай келісім болмаса, сондай-ақ, бұл келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатыны анықталса, сот кәмелетке толмаған балалардың ата-анасының қайсысымен бірге тұратынын анықтауға міндетті.
Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуге жәрдемдеседі. Түсіндіру нәтижесінде тараптар өзара сыйлас­тық пен түсіністікті сақтау негізінде отбасын сақтай отырып, туындаған жанжалды реттеу туралы сотқа дейінгі хаттамаға қол қоя алады. Осыған байланысты, дау соттың қатысуынсыз шешілген кезде талап арыз қайтарылуы, қараусыз қалдырылуы мүмкін.
Тіркеуші органдарда бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

А.Шарипбаев,
Қарғалы аудандық сотының судьясы

Ақтөбе облысы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...