12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Отанды қорғау- ер азамат үшін абыройлы міндет

Жастардың Отан қорғау қызметін атқарып қайтуы – адамгершіліктің ең асыл парызы. Ал, әскер әр азаматты — тәртіптілік, тәлімділік пен шыдамдылыққа баулиды. Міне, сондықтан болар, осындай шыңдалған азаматтарды еліміздің түкпір- түкпірінде ішкі істер саласына жұмысқа алып жатады. Өйткені, олар ел күзетінде болып, ердің ерен жүгін көтеріп, сымдай сыпталып, болаттай беріктеніп, әскердің қатаң тәртібінен өтіп келеді. ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы ер-азаматардың дерлігі кезінде әскер қатарында болып, отан алдындағы борышын адал атқарып келгендер. Қоғам қауіпсіздігі үшін тер төгіп жүрген бұл ер азаматтарды бүгінгі жұмысына шыңдаған сол әскерлердегі алғашқы қиындықтар. Олардың бүгінгі жеткен жетістігі, шыққан бигі сол бір жылдардан бастау алған.

Әрбір ер-азаматтың туған елі, Отаны алдында бас тартуға болмайтын абыройлы міндеті бар. Ол – Отан қорғау. Мен туған елім, жерімнің алдындағы парызымды Панфилов қаласындағы №2091 әскери бөлімінде өтедім. Адам әскерге жай ғана «Отан алдындағы борышым өтелді» деген сөзді айту үшін бармайды.

Бұл нағыз ер жігітке тән өмір қандай болатынын көрсетіп, бойына азаматтық, ірілік, ерлік қасиеттерді дартыуға тәрбиелейтін жер.

«Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын» деп,Бауыжан Момышұлы айтқандай,Отан алдындағы борышын өтеу әр азаматтың парызы.
Өкінішке қарай, қазір екінің бірі әскерге барғысы келмейді. Осыны көріп аталы сөзді ұғатын жас немесе аталы сөз айтатын аға жоқ па деп қынжыласың. Әрине, әскерге сылтауратып барғысы келмейтіндер де көп. Себебі әскерге баруға қорқады, барса, шыдамаймын деген сенімсіздік басым болады. Ал психологиясы әлсіз азаматтар өз-өзіне қол жұмсап, суицидке де барып жатады. Қазіргі жастардың қашуының себебі – осы. Негізінде борышыңды өтеудің еш қиындығы жоқ. Ер адам болған соң,жүктелген міндетті абыроймен өтеу керек. Егер жігіттерімізде расымен биік рух, шынайы намыс болса, қорықпай барады деп ойлаймын- деді, әділет майоры Қ.Олжабаев.

Ер болған соң әскери тәртіпті көруі керек, Отан алдындағы борышын абыроймен атқару қажет. Мен әскери міндетімді 2007- 2008 ж Шымкенттегі № 6506 әскери горнизонында өткердім. Әскердегі өмір ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. Сарбаз өмірінің ең жақсы жері өмірдегі ең сирек кездесетін қасиет – адалдықты, өтірік айтпауды үйретеді. Бүгінгі темірдей қатаң тәртіпті талап ететін тергеу изоляторының санаға салмақ салатын сәтсіз сәттерінде,ашуға бой алдырмай, сабыр сақтап салқынқанды болуды сол әскер қатарында болған жылдары үйреніп, дағдыландым- дейі, АКАӘПТЖБ-нің бастығы әділет капитаны А.Тұрманов.

Жасақ бастығы Ниязов Нұрсұлтан үшін де, әскердің тәртібі мен жүйесі аса қиындық туғызбаған. Керісінше, әскерде ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, сабырлы, шыдамды болуға дағдыланған. Сонымен қатар шапшаң қимылдауды, бастаған ісін кейінге қалдырмай, соңына дейін апаруды үйренген. Мен 2013-2014 жылы Алматы қаласындағы №5571 әскери бөлімшесінде ішкі әскер қатарында болдым. Бір жылдың өзі мені көп өзгертті. Алыста болғандықтан, ата-анамның, туыс, достарымның қадірін терең түсіндім. Ең бастысы, борышымды өтеп келгеннен кейін бойымда шынайы патириоттық сезім пайда болды- деп, толғанды жас лейтенант. Ия, әскерге барудың артықшылығы көп. Адамды физикалық, моральдық, психологиялық жағынан көп нәрсеге дайындайды. Содан болар, ҚАЖ саласын әскери билетпен-ақ, жұмысқа қабылдап жататындығы. Өйткені, мұнда қызмет ететін жеке құрамның дерлігі,отанды қорғау- ер азамат үшін абыройлы міндет деп санайды.

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...