12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Канело емес! Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін ең көп табыс түсіретін боксшы болады. Мұндай пікірді J Calderon Boxing Talk YouTube арнасының авторы айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Маманның пікірінше, Мунгия Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың арасында көш бастап тұр. Негізі отандасымыз келесі кездесуін Сауль Канело Альвареске  (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізуі керек болатын. Бірақ мексикалық соңғы кездесуінде Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) ұтылып, жоспардың астаң-кестеңін шығарды. Енді Канело қыркүйек айында ресейлік боксшыға қарсы екінші кездесу өткізуге ниетті. 

«Енді қыркүйек айында Канеломен ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан дәл қазір Головкинге тек Мунгия ғана көп ақша алып келе алады. Қарап тұрыңыздар, Головкиннің келесі қарсыласы Мунгия болады. Бұл кездесe орта салмақта өтіп, WBA және IBF белбеулері сарапқа салынады», — деді J Calderon Boxing Talk арнасының авторы. 

Айта кетейік, Головкин мен Мунгия арасындағы кездесу 2018 жылы өтеді деген әңгіме болған еді. Алайда ол кезде Неваданың Атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшыны Головкин үшін тәжірибесіз деп, жекпе-жекке рұқсат бермей қойды. 

Мемлекеттік тілімен мақтанамын

Бәріне мәлім, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес...

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің құқықтық жағдайы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған міндеттерінің бірі...

Ұялы телефон тәркіленді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1...

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен...

Құжатқа апостиль қою тәртібі туралы

Апостиль - құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның...