12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен жарысқа қатысты

Бүгінгі таңда қоғамның маңызды мәселелерінің бірі — бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу, олардың уақытын тиімді пайдаланып түрлі мәдени-спорттық шараларға қатыстыру және әрі қарай азаматтық қоғамға сіңісіп кетуі болып табылады.
Жаңақорған кенті әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресустық орталығы» КММ, аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен үстел теннисі мен бильярд ойындарынан жарыс өтті. Жарысқа пробация есебіндегі 25 сотталған қатысты. Алдымен Жастар орталығында ардагерлермен кездесу өткізілді. Кездесуде ардагерлер есептегі азаматтарға тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтып, қылмыс әлемінен бойларынан алшақ ұстауларын, бос уақыттарынды тиімді пайдаланып, спортпен айналысыңдар деді.

Одан соң сотталған азаматтар үстел теннисін мен бильярд ойынына қатысып жарыс көркін қыздырды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әр қатысушы өзінің жеңімпаз атануға лайықты екендіктерін көрсетті. Алайда «жарыс болғаннан кейін, жеңімпаз болады» демекші үздік ойын өрнегін көрсеткендер қатары анықталып, олар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат пен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

«Бүгінгі шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу. Бұл жарыста пробация қызметінің есебіндегі жастар тартысты ойын көрсетті. Пробация есебіндегі екі азамат үстел теннисінен екінші, үшінші орын алса, бильярдтан бір сотталған үшінші орын алды. Ал белсенділік танытып жарысқа қатысқандар да марапатталды »,- деді Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...