12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нұр-Сұлтанда зергерлік дүкеннен гауһар тас ұрлаған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтанда белгісіз әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткен. Ұры бейнебақылау камераларының арқасында ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға дүкен директоры арызданып, Ғабдуллина көшесіндегі зергерлік дүкеннен белгісіз біреудің құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарау барысында күдікті анықталды.

«Ол 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйелдің зергерлік дүкенге жиі келетіні және бұрын бірнеше рет үлкен сомаға тауар сатып алғандығы анықталды. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа келушілермен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, қымбат затты ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған», — делінген хабарламада.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...