12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Айдос Сарыммен тоқтайық». Ерлан Қошанов депутаттарға ескерту жасады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарымды әлеуметтік мәдени даму комитетінен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу мәселесі қаралды.

«Парламент комитеттерімен, комиссиялары туралы» заңның 7-бабына сәйкес мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әлеуметтік мәдени даму комитетінен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Айдос Сарымның аталған өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», — деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспан.

Депутаттар ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға ескерту жасады. 

«Әріптестер, бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Солай ма? Айдос Сарыммен тоқтайық. Енді су шығып жатса айтарсыздар», — деді мәжіліс төрағасы.

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...