12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде ардагерлер арасында облыстық турнир ұйымдастырылды

Ұлы жеңістің 77 жылдығы мен Республикалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығына орай Ақтөбеде ардагерлер арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Турнирге облыстың 12 ауданы мен қалаға қарасты екі ауданнан 85-тен астам ардагер қатысты. Турнир шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарынан өтті.
Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен өткен турнир «Білім» мектеп-гимназиясында негізінде болды. Турнирдің ашылуы салтанатына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, Шығыс жекпе-жегінің шебері, каратэден әлем және Еуропа чемпионы Әшім Қали, ҚР Қарулы күштері ардагерлері РҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Қажымұқан Сәтенов, Ауған соғысының ардагері, «Ер-Бақыт» патриоттық кулубының төрағасы Марат Қойлыбаев т.б. ардагерлер қатысып, сөз сөйледі.
Мақсаты — ардагерлерге қамқорлық жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамда ауызбіршілік пен патриотизмді, аға ұрпаққа деген құрметті нығайту. Турнир тартысты өтті.

Командалық есеп бойынша Хромтау ауданы шахмат пен дойбыдан үздік шықты. Шахматтан Хромтау, Астана, Алға аудандарының ойыншылары жақсы ойын үлгілерін көрсете білді. Ал, тоғызқұмалақтан Мартөк ауданы бірінші орын алды. Екінші орынды тоғызқұмалақтан Темір ауданы иеленді. Тоғызқұмалақтан Темір ауданынан Төлеген Жүсібалиев, Мартөктен Аязбай Аманқос, Алматы ауданынан Есболат Жалғасов жақсы ойнады. Шахматтан Алға, Астана, Мартөк ауданының ойыншылары жақсы ойнай білді. Жалпы, турнирге Хромтау, Алға, Мартөк, Қобда және Темір аудандарымен қатар Ақтөбе қаласына қарасты Астана және Алматы аудандарының ойыншылары да белсенді ат салысты.

Турнир жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...