12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда бір жылда не қымбаттады?

Қазақстанда сәуірдегі жылдық инфляция деңгейі 13,2 пайыз, бір айда 2 пайыз, жыл басынан бері 7,3 пайыз болды. Мұндай мәліметтер Ұлттық статистика бюросына ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9 пайызға қымбаттағаны хабарланды. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1 пайызға, ақылы қызметтер 8,9 пайызға өскен.

Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда қант, жаңа піскен көкөністер, картоп және құс еті қымбаттады. Жұмыртқа бағасы 4,1 пайызға төмендеді.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі жеке тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсетеді.

Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы жыл басынан бері индекс құрылымында азық-түлік тауарлары 40,7 пайызды, азық-түлік емес тауарлар 30,2 пайызды, ақылы қызметтер 29,1 пайыз болғанын айтты.

Жақыпбекұлының айтуынша, 2022 жылғы сәуірде 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі мынадай:

  • автокөліктер — 19,2 пайызға;
  • тұрмыстық техника — 18,1 пайызға;
  • жеке пайдалануға арналған тауарлар — 15,1 пайызға;
  • құрылыс материалдары — 14,7 пайызға;
  • жуғыш және тазалау құралдары — 14,3 пайызға;
  • жиһаз және тұрмыстық заттар — 13 пайызға;
  • тоқыма бұйымдары — 8 пайызға;
  • фармацевтикалық өнімдер — 7,6 пайызға;
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтері — 13,9 пайызға;
  • санаторий қызметтері — 12 пайызға;
  • денсаулық сақтау қызметтері — 11,9 пайызға;
  • шаштараз және жеке күтім мекемелері — 11 пайызға;
    қонақ үй қызметтері – 5,7 пайызға;
  • жолаушылар көлігі қызметтері — 5,4 пайызға.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Бір жылда электр энергиясы 10,6 пайызға, қоқыс шығару 7,8 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 3,2 пайызға қымбаттаған.

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...