12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізудің ерекшеліктері

Сот-психолого-психиатриялық сараптамалар жүргізудің ерекшеліктері.

Қамаудағы адамдарға қатысты сот-психолого-психиатриялық сараптамасы аталған адамдардың орналасқан жерінде, сондай-ақ зерттеу жүргізуге қажетті жағдайлар болғанда, сот сарапшысының кабинетінде жүргізіледі.

  1.  Сот-психолого-психиатриялық сараптамасы амбулаториялық және стационарлық жағдайларда жүргізеді. Егер, сот-психолого-психиатриялық сарапшылар амбулаториялық жағдайларда сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізудің нәтижесінде барынша ұзақ және егжей-тегжейлі бақылау қажеттілігінен қойылған сұрақтарға жауап бере алмаса, олар сот-психолого-психиатриялық сараптаманы стационарлық жағдайларда өткізу туралы ұсыныстар береді.
  2. Сот-психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасының объектісі – адамның психикалық күйін өзгертуге душар етуі мүмкін үшінші тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.
  3. Сот-психиатриялық сараптамасын комиссиялық түрде, кемі екі сот- психиатриялық сарапшысы жүргізеді, ал адамның есі дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізу үшін құрамында кемі үш сот-психиатриялық сарапшысы бар комиссия немесе кешенді сот-психолого-психиатриялық тағайындалады.
  4. Сот-психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізу кезінде, егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір сұрақтар бойынша сот сарапшылары қорытынды беріп, ал екінші сұрақтар бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасауға негіз бар болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте уақытша психикалық бұзушылықтан шыққанға дейін емдеу жүргізу және кейіннен сарапшылық сұрақтарды шешу үшін сот-психолого-психиатриялық сараптамасын жүргізу туралы ұсыныстар бере отырып, олар бірыңғай құжат – сот-психолого-психиатриялық сарапшысының қорытындысын жасайды.
  5. Сарапшылардың қорытындысында анамнестикалық мәліметтер өткеннен қазіргі уақытқа дейінгі хронологиялық жүйелікпен жиналады. Анамнестикалық мәліметтердің сұлбасы туғаннан бастап сот-психолого-психиатриялық сараптаманы жүргізуді бастаған мезетке дейінгі өмірдің оқиғаларын көрсетеді және оған еңбек, отбасылық, сексуалды, неке, әлеуметтік (соның ішінде, криминалды) анамнез кіреді. Сондықтан, мінез-құлықтың ерекше ерекшеліктерін байқап немесе бұл туралы айыпталушының туыстары мен достарынан біліп, тергеуші туыстарынан балалық шақ, даму, мектептегі үлгерім, қызығушылықтар, хобби және айыпталушының жеке басының ерекшеліктерін көрсететін басқа да көріністер туралы егжей-тегжейлі сұрауы керек. Бұл ақпарат объективті материалдармен расталуы керек. Отбасылық қатынастар, неке жағдайы туралы ақпарат белгілі бір мәнге ие. Куәгерлерден алкоголь мен есірткіні қолдану, психиатриялық мекемелерде емделу туралы мәліметтерді анықтау қажет, өйткені айыпталушының өзі бұл жағдайларды жасыруы мүмкін.
  6. Анамнестикалық мәліметтер сипаттамасы мыналарға бағытталады:

1) туындау уақытын, кейінде қиындауын немесе сот-психолого-психиатриялық сараптама тағайындалған адам өмірінің әр түрлі жақтарына (қай уақыттан бері психикалық бұзушылықтан (аурумен) зардап шегеді, бүкіл өміріндегі динамикада психикалық бұзушылық (ауру) клиникасының өзгеруі, олардың қиындауы, тереңдеуі не жеңілдеуі, уақытша жоғалтқан қызметтің қалпына келуі);

2) ауырғанға дейінгі жеке бастың ерекшеліктерін және ауру кезінде болған мінез-құлықтық өзгерістерді анықтау;

 3) әр түрлі тұрмыстық жағдайларға, атап айтқанда, психикалық жарақаттарға мән беру ерекшеліктерін анықтау;

4) тек бастан өткізген соматикалық ауруларды ғана емес, сонымен бірге экзогендік келеңсіз факторларды (бас сүйек-ми жарақаттары, психобелсенді заттарды қолдану), сондай-ақ олардың психикалық күйге қандай әсер еткенін анықтау;

5) қиын жас кезеңдерінің (пубертаттық, инволюциялық) ерекшеліктерін анықтау ;

6) бұрын психотроптық препараттармен емделу жағдайында терапевтикалық анамнезді жинау;

7) Сот-психолого-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар ауқымында сот-психолого-психиатриялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) мүдделі уақыт кезеңіндегі психикалық күй мен мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы деректер.

 8. Қорытынды беру үшін мәні бар қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер материалдарынан алынған деректер, том нөмірлері мен іс беттері көрсетіле отырып келтіріледі.

Сот сарапшыларының алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптары бар тұжырымдар бөлек құрастырылады.

                                                                 А.Узакова,

                                                                                             Н.Нурпеисов 

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...