12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Балаларға беретін ас болмай қалады: ҚАЖ қызметкерлері 20 дан астам жанұяға көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайдағы жанұяларға көмек көрсетті.

«Балаларым үшін өмір сүремін. Жолдасым бизди тастап кетті. Баларымның қамы үшін кез келген жұмысты істеп, күнделікті тамақтарына арен жеткіземін. Менің жағдайымды біліп, қызметкерлер осы бір ай ішінде өз көмектерін аямады. Балаларым алды 3 сынып, кішкентайы 1 сыныпта оқиды. Жұмысқа кеткенімде мектептен өздері қайтады. Оларға қатты алаңдаймын. Қолдарында ұялы телефондары да жоқ. Үйге келген келмегенін біле алмай отырамын. ҚАЖ қызметкерлері үлкен қызыма ұялы телефон да сыйлады. Азық түліктің мол қорын әкеп берді. Бұл біз үшін үлкен көмек, деді жалғызбасты ана.

«Есімде қалды. Қолымызда азық түлік себеттерімен, жалғыз басты ананың үйіне барғанымызда алдымнан жүгіріп шыққан кішкентай бүлдіршіннің айтқан сөзі мәңгі есімде қалады » Мама қарашы қандай көп тамақ» деп айғай салған 6 жастағы кішкентай бала. Осыны естіген кезде жүрегім қатты ауырды. Кішкентай балапан азық түліктің қадірін білгені соншалық, оған ешбір ойыншық та керек болмады, дейді мекеменің жас қызметкері.

«Тек қана Қасиетті Рамазан айында ғана емес, жәй күндері де мұқтаж жандарға көмек қолын созу, жақсылық жасау әр саналы адамның жүрегінде болуы қажет. Жақсылық жасап кішкентай бүлдіршіндердің, ата-аналарының қуанышып көріп, ұзақ уақытқа өзіңе жақсы көңіл күй сыйлайсың», — деп атап өтті тәрбие бөлімінің бастығы әділет капитаны Ернар Мұхаметбекұлы Биғалиев.

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...