12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Онлайн сот ойымыздан шықты

Әлем пандемиядан әбігерге түсіп жатқанда бар сала өз жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға күш салды. Осы кезде көптеген мекемелер қашықтан жұмыс істеу әдісін таңдаған болатын. Ал сот сияқты бар қызметі төрелік алаңында атқарылатын құрылым не істеуі керек? Кейбір процесте қатысушының көптігінен сот залында ине шаншыр орын болмайтын кездер болады. Бұл коронавирусты қолдан көбейту, азаматтардың денсаулығына  назар аудармау болып шықпай ма? Осыған орай қазақстандық соттың таңдауы — онлайн отрыстар болғаны белгілі. Заманауи технология жетістіктерін сот қызметіне мейлінше көп енгізіп, куәлардың қашықтан сот отырысына қатысуына, бейнеконференц арқылы шетелде жүрген маңызды куәларды сөйлетуге біртіндеп қадам жасаған сот қызметкерлері үшін онлайн сот отырысы деген ұғым соншалықты таңсық болған жоқ.

Осылайша пандемияның алғашқы кезінен республикадағы барлық соттар онлайнға көшірілді. Соған сәйкес барлық сот залдары қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етіліп, интернеттің кедергісіз, жылдам жұмыс істеуіне қолжеткіздік. Дегенмен бұл жердегі басты қиындық тараптардың техника тілін білмеуінен туындағанын жасыруға болмайды. Өйткені азаматтар қолдарындағы ұялы телефонын тек тілдесу үшін ғана пайдаланып, ондағы жаңа функциялардың мүмкіндіктерінен бейхабар болып шықты. Сондықтан сот қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің көмегімен сот отырысына онлайн қатысудың тәртібін, жолдарын түсіндіруге барынша көмек көрсетті. Алғашқы уақытта онлайн соттар осындай білместіктің кесірінен кеш басталып, ортасында қайта-қайта үзіліп қалып, бір жүйеге түсе қойған жоқ. Бірақ тынымсыз ізденіс, тұрақты насихат жұмыстарының арқасында қарапайым азаматтар да сотқа онлайн қатысудың қыр-сырына қаныға түсті.

Ғаламтордың нашарлығы, азаматтар жауаптылығының төмендігі де онлайн соттардың өз мәнінде өтуіне аз залалын тигізген жоқ. Әсіресе, азаматтардың ғаламтор жақсы ұстайтын жерді алдын ала реттеп алмауы, процеске қатысатын құрылғыны толық қуаттандырып алмауы да кедергі келтірді. Кейбір азаматтардың онлайн сотқа өз деңгейінде мән бермей, экрнаның ар жағында тамақ жеп, жартылай жалаңаш отыруы да сотқа деген құрметті, сот процесіне қатысушылар алдындағы жауаптылықты толық сезінбеуінің кесірі болса керек.

Алайда, Көш жүре түзеледі демекші, біраз уақыттан кейін сот саласында қолға алынған түсіндіру, ақпараттандыру іс-шараларының нәтижесінде бүгінде онлайн соттар өз деңгейінде өтуде. Онлайн соттардың тиімділігін адвокаттар да мойындап отыр. Бұрын қорғаушылар республиканың әр түкпіріндегі сот отырыстарына арнайы баруға мәжбүр болатын. Ал қазір бір қалада отырып бірнеше қаладағы сот отырысына онлайын қатысуға мүмкіндік туды. Бұл жаңашылдықтың тиімділігін азаматтар да көріп отыр.

Жанель Нурсеитова

Алматы қаласы

Алатау аудандық сотының судьясы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...