12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу

Сот – мемлекет атынан төрелік етіп, үкім шығаратын биік құзырға ие орган. Соттың шығарған шешімдерінің, үкімдері мен қаулыларының міндетті күші бар, ол мемлекет аумағында күмәнсіз орындалуы тиіс.

Адам тағдыры шешілетін сот алаңындағы тәртіпті сақтау баршаға міндет. Сот ғимаратына кіруден бастап, қауіпсіздікті сақтау, сот залында міндеттелген қағидаларды қатаң басшылыққа алу барша қатысушылардан талап етіледі. Сот мәжіліс кіретін азаматтардың жеке басын анықтап, күмәнді заттарды алып кірмеуіне тосқауыл қою — сот төрелігі өз деңгейінде өтіп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек.

Сонымен бірге сот тарапынан процеске қатысушылардың сот отырысына дер кезінде қатысу, тәртіпті сақтау, шындықты айту, әр сөз бен әрекетке жауаптылықпен қарап, айналасына құрмет көрсету талап етіледі. Кейде дәл осы талаптарды белден басып, өзінің құқықтық мәдениетінің кемдігін көрсететіндер де қоғамда аз емес.

Әрине, сот – дау алаңы. Ол жерде өз құқығын қорғап, өз сөзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін тараптардың ашуға берілетіні, қызбалық танытатыны рас. Бірақ, төрелік алаңында ешкімнің сөзін бөлуге, сот залында отырып айғайлауға, өзгелерді балағаттауға болмайды. Судьяның сот процесін жүргізуіне кедергі келтіретіндер жазасыз қалмайды.

Сотқа деген құрмет әрқашан маңызды. Оның ең алғашқысы сот отырысына уақытылы, кешікпей келуден басталады. Ал бізде сот шақыртуын, хабарламаны алып тұрып процеске келмейтіндер бар. Ақиқатты ашуда маңызы бар кез келген дәйек ортаға салынып, кез келген куәгердің пікірі назарда ұсталатын сот алаңына келмеу сот отырысының кейінгі шегерілуіне түрткі болады. Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда осындай бір жауапсыз адамның әрекетінен қаншама қатысушы зардап шегіп, уақытын текке кетіреді. Осы ретте азаматтар сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу деп түсінген дұрыс.

Сотты құрметтемеу жауаптылығы заңда айқындалған. «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның өкімдеріне бағынбаған, оны балағаттаған, рұксатсыз орнында отырып сөйлеген, алкогольдік ішімдік ішкен күйде отырысқа келген, сонымен қатар, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмегендерге Азаматтық процестік кодексе сәйкес жаза тағайындалады. Кодекстің 188-бабының талаптарына сәйкес, процеске қатысушы тұлға тарапынан сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған жағдайда сот кінәлі адамға 120-бапта белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданады. Ал енді сот шақыртуына себепсіз келмегендер және жалтарған тұлғалардың әрекеті де сотты құрметтемеу болып саналады. Мұнай әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1,2-бөліктерінің талабына сәйкес қаралып, құқық бұзушыға ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сондай-ақ, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

           Марат Нұрбеков

Алматы қаласы

Алатау аудандық сотының судьясы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...