12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотта ешкімге артықшылық берілмейді

Тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты байлығы адам және оның өмірі. Бұл қағида Конституциямен бекітіліп, 14-бапта жұрттың бәрінің сот пен заң алдында теңдігіне  кепілдік берілген. Яғни, әрбір азамат өз құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін сот арқылы қорғап, істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқылы.

Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысты айтар болсақ, адам өзінің нұқсан келтірілген құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғауда Азаматтық процестік кодекс тәртібімен сотқа жүгінеді. Айта кетерлігі, заңда дауды сотқа дейін реттеу тәртібі белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана барады.

Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Бұл норма аталған Кодекстің 11-бабымен нақтыланған. Егер талап қоюды қамтамасыз ету керек болса, мұндай мақсатта мүлікке тыйым салу осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. Сотта іс ешкімнің араласуынсыз, яғни, ықпал етуінсіз тек заң нормалары аясында қарап шешіледі.

Сот ісін жүргізуде ешкімге артықшылық берілмейді. Ұлты әлеуметтік жағдайы, тілі, діні, наным-сенімі, тағы басқа жағдайлар бойынша кемсітіп-кемітуге болмайды. Осы тұста тілге қатысты айта кетсек, АПК-нің 14-бабында көрсетілгендей, азаматтық сот ісін жүргізу  сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Тараптар іс сот талқылауына дайындалып жатқан кезде жазбаша өтінішхатпен сот ісін жүргізу тілін өзгерте алады. Бұл үшін сот ұйғарымы шығарылады. Бұған қоса тараптар аудармашының ақысыз қызметін пайдалану құқығына ие. Осының өзі біздің елімізде азаматтар құқығының сотта жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етудің жарқын көрінісі.

 Азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіліп, сот актілері жария түрде хабарланады. Жабық сот отырысы 19-баптың 2-тармақшасымен көзделген жағдайларда өтеді.

Тараптар өз ұстанымдарын тең жағдайда қорғайды. Судья олардың істің мән-жайын толық және нақты зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруларына қажетті жағдайлар жасап, іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Сондай-ақ, процестік әрекеттерді жасау не жасамаудың салдарларын ескертеді. АПК-да  көзделген жағдайларда құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Әрі ол тараптың уәжді өтінішхатымен немесе өзінің бастамасымен іс материалдарын жинап- зерттеу, тараптар дәлелдерінің негізділігі және сотқа ұсынылған дәлелдемелердің анықтығын тексеру үшін шаралар қабылдап,  азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Сотқа өкілі арқылы жүгінуге болатынын да айта кеткен жөн. Яғни, кез келген адам АПК-нің 57-бабына сәйкес өз істерін сотта жеке өзі немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.

Заңды күшіне енген сот актілерінің орындау кімге болса да міндет. Оларды орындамау, сотқа құрмет көрсетпеу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеледі.

Адамның құқығын бұзылғанын немесе бұзылмағанын заң жүзінде анықтап, үкім шығаратын құзіретті орган болғандықтан соттың рөлі аса зор. Осыған орай, салада жұмысында жүйелі реформалар жасалуда. Мұндағы басты мақсат – сот процестерін оңтайландырып, артық бюрократиялық рәсімдерден арылту және озық ақпараттық технологияларды енгізу арқылы азаматтар құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуына қолайлы жағдай жасау, бұл тұрғыдағы қызмет сапасын жақсарту болатын. Қазіргі уақытта межеленген мақсат-міндеттер орындалуда деуге толық негіз бар. Мысалы, азаматтар құқықтарын сотқа келмей-ақ қашықтықтан, яғни, онлайн сот отырыстары арқылы қорғауда.

 Азаматтық іс жүргізуге енгізіліп жатқан жаңалықтар азаматтар құқығы мен заңды мүддесін тиімді қорғаудың кепілі. Сондықтан, заңды құрметтеп, оның талаптарын мүлтіксіз орындау әрбір адамға міндет.  

Гүлмира Айтжанова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды орындау...

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...