12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанды жаяу аралауға шыққан 72 жастағы ақсақал ең қиын сынақ туралы айтты

Бүкіл Қазақстанды жаяу аралауға бел буған 72 жастағы Ұлытау тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов мың шақырымнан аса жол жүріп, Шымкентке жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсақалдың басты мақсаты — Қазақстан халқын өз Отанының тарихымен таныстыру. Еңбек ардагері «Ұлытауда болдың ба?» марафонына жеті жыл дайындалған. Қазақстан жолдарында оны киімдер мен қажетті заттар сақталатын арбамен көруге болады. Марафон кезінде зейнеткер гардеробын жаңартты — оның жейдесінде Ulytaumen деген жазу бар.

Марафоншы жолда Қазақстанның сұлулығын көріп, халқының қонақжайлығын сезінді. Ол марафон кезінде қиындықтар болғанын айтады. Мысалы, Қызылордаға бара жатқанда ақсақал қалың қардың астында қалып, ұйқысыз 140 шақырым жол жүруге мәжбүр болған.

«Жезқазған қаласында ең қиын сынақ болды. Жезқазғаннан Қызылордаға жолға шыққанда қалың қар жауып, бұрқасын болды. Сондықтан 28 сағатта ұйқысыз 140 шақырым жүруге тура келді. Содан 13 сәуірде Қызылордаға жеттім. Ол жердің жолы нашар, арбамды сындырып алдым, дөңгелегі ұшып кетті. Кейін жағдайым қиындады, ақсаңдай бастадым, сондықтан екі рет көшеде түнеуге тура келді», — деді қарт саяхатшы.

Сәрсенбай Қотырашов саяхатын 31 наурызда бастаған. Ақсақал күніне 40 шақырым жүріп өтеді. Ол жолға шықпас бұрын толық медициналық тексеруден де өткен. Қазір марафоншы Шымкенттен Таразға бет алды. 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының...

Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты

Бүгін Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты....

В Кызылорде акимам разъяснили антикоррупционные нормы

Антикоррупционной службой по Кызылординской области акимам 26 сельских округов...

Кәмелетке толмаған сотталғандар арасында мамандандыру жұмыстары жүргізілуде

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында...

Білім саласындағы жаңашыл әдістер

   Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты - көшбасы мемлекеттердің...