12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тергеу изоляторындағы сотталған мекеме қызметкеріне күш қолданғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

2021 жылғы 27 тамызда ЕЦ-166/1 мекемесіне келген сотталған Руслан Құрманғазыұлы Ахметов келген күннен бастап құқықтары мен міндеттері, мекеменін күзетпен ұстау режимі, тәртіптік талаптар, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін сақтау туралы ақпаратпен танысып, оның салдары туралы ескертілді мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған жағдайда, сондай-ақ қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлеріне қатысты күш қолдану және қолдану қаупі білдіргені үшін жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілді.

Алайда, сотталған Р.К. Ахметов жүргізген профилактикалық жұмысқа қарамастан, ҚР ІІМ 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын (бұдан әрі-қағидалар) бұзу фактісіне жол берді.

Мәселен, 2021 жылғы 15 қыркүйекте ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкерлері таңғы тексеру жүргізген кезде сотталған Р.К. Ахметов камерадан шығып кетіп,  дәліз бойымен айғайлап жүгіре бастады. Мекеме қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерін тоқтатуды, оның камераға оралуың талап етті, бірақ ол ұстау режимін бұзуды қасақана жалғастырып, мекеме қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіру мақсатында қызметкердін бетіне жұдырықпен соққы беріп өміріне және денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолданған.

Аталған факті бойынша Р.К. Ахметовты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жадығат жиналып сотқа жолданды. Жіберілген жадығат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен сотталған Р.Қ. Ахметов ҚР ҚК 429-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылдып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа мекемеге тағайындалды.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...