15 C
Алматы
Четверг, 19 мая, 2022
spot_img

Пробация есебіндегі азаматша бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен жұмыс тапты

Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту бөлімі, аудандық прокуратураның және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.
Осы жәрменкеге аудандық пробация қызметінің есебіндегі үш сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Нәтижесінде, үшеуі де жұмыс тауып, жолдама алды. Оның біреуі әйел азаматша тіс емдеу орталығына еден жуушы ретінде жұмысқа орналасты. Бұл азаматша ҚР ҚК-нің 191 бабымен (Тонау) сот үкімімен 3 жыл мерзiмге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

«Бүгінгі жәрмеңкеге жұмыс іздеп келіп едім. Өзіме қолайлы жұмыс таптым. Ендігі жерде адал еңбек етіп, балаларыма жақсы тәрбие беремін. Бүгінгі шарадан жұмыс тауып жатқан азаматтарды байқадым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азаматша.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости