12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бітімге келу берекені арттырады

Татулық пен бірлік, кешірімділік қазақтың өмір сүру салтына дендеп енген, билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы. Бұған халқымыздың «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» немесе «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» қағидаларын ұстанып, қандай істе де бітімгершілікке бейім тұрғаны дәлел. Бабалар билігінен қалған бітімгершілік институтының заманауи сот жүйесіне енгізілгеніне он жылдан асты. Медиацияны дамытуда ҚР Жоғарғы Соты тарапынан қолға алынған жобалардың өзін-өзі ақтағанына ел куә.
Бүгінде соттарда дау шешудің баламалы тәсілдері кеңінен қолданылады. Азаматтық процестік кодекстің 17-тарауында көрсетілгендей, азаматтар ортақ мәмілеге татуласу келісімі, дау-жанжалды медиация тәртібімен реттеу және партисипативтік рәсім, сондай-ақ, осы Кодекстің 73-бабына сәйкес, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы келе алады.
Жұртшылықты татуласу рәсімдерінен заңдық тұрғыда хабардар етсек, дауды татуласу рәсімдерін қолдана отырып реттеу туралы өтінішхатты талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімдеуге болады. Татуласу келісімі сот шешім шығаруға кеткенге дейін немесе сот актісінің орындалуы кезінде заң талаптарына сәйкес жазбаша жасалады. Оған тараптар немесе келісімді жасауға өкілеттігі бар өкіл қол қояды.
Сотта татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату немесе оны бекітуден бас тарту туралы ұйғарымдардың бірі шығарылады. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылса бұл жөнінде сот ұйғарымы шығарылады және ол қайта қаралмайды. Дегенімен, ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдерді апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатында көрсетуге болады.
Ал, медиацияда дау-жанжал судьяның немесе медиатордың көмегімен реттеледі. Бұл үшін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдейді. Тараптар келіссе істі медиацияны өткізген судья да қарай береді. Бірінші немесе апелляциялық сотта дауды медиация тәртібімен, яғни, судьяның жәрдемдесуімен реттеу туралы өтінішхат келіп түскен кезде іс жүргізу он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
Кассациялық сатыдағы сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім өтінішхатпен бірге ұсынылады. Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді. Дау-жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалған жағдайда сот актісі орындалатын аумақтағы бірінші саты немесе аталған сот актісін шығарған сотқа бекітуге беріледі.
Егер тараптар медиация тәртібімен келісімге келе алмаған, сондай-ақ, медиация шартын сот бекітпеген жағдайларда істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі. Бұл норма татуласу рәсімдеріне ортақ қолданылады. Дау-жанжалды медиация тәртібімен реттеу, татуласу, сондай-ақ, партисипативтік келісім болсын барлығы осы Кодекстің 178-бабының талабымен орындалады және келісім шарттарын орындау екі жаққа да міндет.
Енді дауды партисипативтік рәсіммен реттеу тәртібіне келсек, мұнда да өтінішхат сот шешім шығаруға шығып кеткенге дейін мәлімделеді. Партисипативтік рәсім «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға сай екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасы мүшелерінің жәрдемдесуімен жүргізіледі. Бұл рәсімге судья қатыспайды. Бірақ, ол 182-бап талабымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Татуласу рәсімдерінің басты артықшылығы тараптар өзара келісімге келгеннен кейін іс қысқартылады. Оған қарсы талап арыз келтірілмейді, сондай-ақ, шарт ерікті түрде жасалғандықтан, атқарушылық өндіріс қозғалмайды. Екі жақтың да мүддесі теңдей сақталып, уақыт үнемделеді. Тараптар ортақ келісімге келетіндіктен, оның орындалу деңгейі де жоғары болады. Мемлекеттік баж қайтарылады. Бұған қоса талапкер келісімде талап арызда көрсеткенінен басқа да талаптарын көрсетіп, келісімге келе алады. Келісім шарт талаптары заңға қайшы келсе, ол сотпен бекітілмейді.
Елімізде бітімгершілік институты кеңінен қолданылып, оның дамуына барлық мемлекеттік органдар мүдделілік танытса, сол жолда халықты барынша жұмылдырса, береке-бірлігіміз артары хақ.
Анар Абилова,
Алматы қаласының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...