12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БАҚ-пен байланыс жоғары

Соттың жұмысын көрсетуде, сотта қолға алынған бастамаларды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі көп. Екіжақты байланыстың жолға қойылуы ашықтық пен жариялылықтың, сенімнің кепілі. Соған орай әрбір сотта журналистермен қоян-қолтық жұмыс істеп, тілшілердің сұрақтарына дер кезінде жедел жауап беру үшін арнайы желілер іске қосылған. БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судьялар да ашық диалог орнауына барынша ықпал етіп келеді.
Жақында Қапшағай қалалық сотында БАҚ өкілдерімен онлайн режимінде өткен шарада қоғамға сауатты, сапалы ақпарат тарату мәселесі сөз болды. Оған өңірлік, республикалық газет, сайттардың журналистері қатысты. Бұл шара журналистердің құқықтық сауатын ғана емес, қоғамдағы жауаптылығын да арттыруды мақсат етті.
Мәселен, «Zanaina.kz» ақпараттық порталының тілшісі Мақпал Мәлікқызы онлайн режимінде сот отырысына қатысудың тәртібін сұрады. Жалпы, журналистердің сот отырысына қатысуына ешқандай кедергі жоқ. Тек бұл ашық сот отырысы болуы керек. Және ең бастысы, бұл жерде сот екі тараптың талап-тілегін басшылыққа алады. Егер тараптар сот отырысына бөтен адамның, соның ішінде журналис­тердің қатысуын қаламаса, судья оны ескеруі керек.
«Жас алаш» газетінің тілшісі Қуаныш Әбілда сот отырысынан тікелей эфирге шығудың, суретке түсірудің заңдық негізіне қатысты сауал қойды. Азаматтық процестік кодекстің 19-бабына сәйкес, ашық сот отырысына қатысқан кез келген адам, соның ішінде журналист те дыбыс-бейне жазу құрылғыларын пайдалана алады. Сонымен бірге суретке түсіруге де рұқсат етілген. Бірақ тікелей эфир жүргізу, бейнесюжет жасаудың барлығы тек сотқа төрағалық етуші судьяның рұқсат етуімен жүзеге асырылатынын ұмытпауымыз керек. Ал судья өз кезегінде бұл рұқсатты тараптардың пікірін ескере отырып береді.
Сот отырысындағы тәртіп ортақ. Оны барлық қатысушы сақтауға міндетті. Кез келген қатысушы сот отырысының қалыпты режимде өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс. Өкінішке орай, кейбір журналистер сот отырысында рұқсатсыз орнынан тұрып, дауыстап сөйлеп, әлеуметтік желілерге ақпарат таратып отырғанын желеу етіп айналасына құрмет көрсетпей жатады. Мұндай жағдайда судья ескерту жасауға, ал ескертуге мойын бұрмаса ақпарат құралының өкілін сот отырысы залынан шығарып жіберуге мәжбүр болады. Өйткені, төрелік алаңында – адам тағдыры таразы басына салынады. Сондықтан бұл жерде журналистің ақпарат таратуына емес, ең алдымен ақ пен қараның дұрыс таразылануына басымдық берілетінін ұмытпауымыз керек.
Шараға қатысқан журналистерге заң терминдерін дұрыс қолданбаудың, бір тараптың уәжімен мақалалар дайындаудың салдары түсіндірілді. Алдағы уақытта сот пен БАҚ-тың байланысын нығайтатын мұндай шаралар жалғасын таба береді.

Жайық Жанболатов,
Қапшағай қалалық сотының судьясы

Алматы облысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...