12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң әйелдердің биліктегі
белсенділігін арттырады

Қазіргі күні қазақстандық әйелдер қоғамның барлық саласына еркін араласып, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруда. Олар­ға бұл мәселеде ешқандай шектеу жоқ. Мұндай еркіндікті халқымыздың ежелден келе жатқан ерекше қасиеті десе де болады. Мемлекет тарапынан қыз-келіншектерді қазіргі заманға сай беделді қызметтерге тартып, бизнеспен айналысуына қолайлы жағдай жасалуы осы үрдістің заңды жалғасы іспетті.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға де­йінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, сонымен бірге «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылданып, ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және демография жөніндегі комитеттің құрылуы мемлекетімізде гендерлік саясатқа жоғары деңгейде көңіл бөлініп отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста айта кетерлігі, Қазақстан БҰҰ-ның «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларын, т.б. құжаттарын ратификациялаған.
Әйелдер құқығының сақталуын одан әрі қамтамасыз ету үшін біршама заңға түзетулер енгізілді. Солардың біріне тоқталсақ, ҚР «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңы. Биліктің сайланбалы органдарында әйелдер белсенділігін арттыру мақсатында осы заңда жасалған өзгеріс­тер гендерлік саясатқа айрықша серпін берді. Олай дейтініміз, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы құрамындағы қыз-келіншектердің үлесі 18,4 пайызға, ал, Мәжілісте 27,1 пайызға артты. Салыстырып қарасақ, гендерлік стратегия іске қосылған жылы ҚР Парламенті Мәжілісінде бұл көрсеткіш бұдан бір жарым есе төмен болған. Сонымен қатар, бүгінгі күні биліктің барлық деңгейін­дегі жергілікті органдарда әйелдер рөлі артты.
Ресми деректер, соңғы уақытта әйелдер қауымының шағын және орта бизнестегі көрсеткіші жоғары деңгейге жеткенін жоққа шығармайды. Мысалы, гендерлік стратегия іске асырылғанға дейін бизнестегі әйелдер үлесі 38 пайызды құраса, бүгінде 45 пайызға жуықтаған. Үкіметтік емес ұйымдар көбейіп, олар қыз-келіншектердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға белсенді араласуда. Яғни, бүгінде әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтармен пара-пар еңбек етіп жатыр.
Әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен бостандығының Ата Заңмен кепілдендірілуі гендерлік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды. Сондай-ақ, республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқылығы ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен нақтыланған. Бұлар өз кезегінде еліміздің кез келген азаматы жыныстық өзгешелігіне қарамастан өзінің қабілетімен саяси билікке араласа алатынының айқын дәлелі.
Отбасылық және гендерлік саясат «Қазақстан – 2050» стратегиясының және Қазақстан Респуб­ликасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарының негізінде жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда жоғарыда аталған комитеттен бастап түрлі бірлестіктер мен қауымдастықтар тарапынан ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр.
Өркениетке ұмтылған елдер үшін азаматтарының тең құқылығы маңызды. Бұл ретте гендерлік саясат демократияға қол жеткізудің, сондай-ақ, қоғамды жаңғыртудың бірден-бір факторы әрі ол еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етеді. Яғни, гендерлік стратегия кей замандастарымыз айтып жүргендей әйелді ерден жоғары қою емес, олардың білім-білігі мен қарым-қабілетін елдік істерге жұмсауға мүмкіндік беру, ана мен баланы, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік тұрғыда қолдау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы институтын күшейту. Мұндай игі істер өз кезегінде мемлекеттің дамуын одан әрі нығайтып, озық елдер қатарына қосылуға жол ашады.

Дүние-Зада Кеншимова,
Ақтау қалалық №2 сотының судьясы

Маңғыстау облысы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...