12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі

Жүргізіліп жатқан сот реформасы сот жүйесін оңтайландыруға, сот жұмысының және сот актілерінің орындалуының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл бағыттағы көптеген факторлардың бірі – 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің қабылдануы осы айтылғанның жарқын дәлелі болып табылады.Мақалама процессуалдық мәжбүрлеу, дәлелдер мен дәлелдеу, орындалған сот актілері бойынша сот бақылауы сияқты ұғымдарды өзек етіп алдым. Тақырыпты ӘРПК-нің 19-тарауынан (дәлелдер мен дәлелдеу) бастағым келіп тұр.
Біріншіден, ҚР АПК-мен белгіленген, осы кодекспен бекітілген ерекшеліктерді қоспағанда, дәлелдерді, нақты деректерді, дәлелдерді бағалауды, т.б. реттеу тәртібін атап өткім келеді. Яғни, заң туындаған жағдайларда қандай процессуалдық нормаларды қолдану қажеттігін көрсетеді. Дәлелдеу міндеттемесі ұғымы (129-бап) ӘРПК-нің бір бөлімі болып табылады, өйткені дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі. Мұндай жағдайда жауапкер мемлекеттік орган, өкілетті лауазымды тұлға (дауласу, мәжбүрлеу, әрекет жасау туралы талап-­арыз, ауыртпалық актісінің заңдылығын негіздейтін фактілер бойынша мойындау туралы талап-арыз бойынша) болып табылады.
Жауапкер әкімшілік актісінде көрсетілген негіздемеге ғана сүйене алатынын атап өткім келеді. Заң шығарушы мұнымен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қабылдайтын әкімшілік актілер жүгінген тұлғаға тиісті әкімшілік акті шығарудан немесе әрекетті орындаудан (мысалы, жазбаша бас тарту, құжатты қабылдауды немесе тиісті құжаттарды беруді уақытша тоқтату, реестрге енгізу, т.б.) бас тартуы барлық нормалар мен ережелерді көрсете отырып дәйектелуі тиіс.
Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалар сот талап еткен құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті. Әкімшілік іске қатысушы тұлғалар дәлелдерді жоюға және жасыруға, қандай да бір әрекетпен оны зерттеуге және баға беруге кедергі жасауға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда сот менің бұған дейін көрсеткен ӘРПК-нің 129-бабының 2-бөлімімен бекітілген ережелерге қарамастан, кедергі келтіруші тарапқа дәлелдеу міндетін жүктейді.
Сот талаптарын дұрыс орындамағаны, соның ішінде оның қызметіне кедергі жасағаны, уақытылы пікір білдірмегені үшін сот сұранысына, менің жоғарыда айтып өткенімдей, ӘРПК-нің процессуалдық мәжбүрлеу шараларын (ескерту, сот залынан шығару, ақшалай айып салу) қарастыруы менің тақырыбыммен үндес. Ақшалай айып салу ұғымын (127-бап, 18-тарау) тек сот қана қолданады, ол жеке, лауазымды, заңды тұлғаға немесе оның өкілдеріне салынады, ақшалай салынатын айып мөлшері 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, яғни қалтаға едәуір салмақ салады және қатысушыларды тәртіпті болуға шақырады.
Ақшалай айып салу сот ұйғарымы ретінде рәсімделеді. Бұл мәжбүрлеу шараларының ерекшелігі – сот ұйғарымы берілгеннен кейін 5 жұмыс күнінің ішінде төленуі тиіс. Осы орайда әріптестерімнің назарын мына мәселеге аударғым келеді: жеке адамдардың тарапынан ақшалай айып салуды қолдануға шағым беруі тек салынған айып орындалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі, яғни, ақшалай айып салынған тұлға ақшалай айыпты төлеуге міндетті, содан кейін ғана жеке арызын бере алады.
Енді сот бақылауы бөліміне (28-тарау 171-173 баптар) келер болсақ, бұл жерде заң шығарушылар енгізген жаңалыққа тоқталып кеткім келеді. Сонымен сот шешімі заңды күшіне енген соң үш жұмыс күнінің ішінде орындау үшін жауапкерге жіберіледі. Жауапкер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімнің ішінде оны орындауға міндетті. Бұл туралы сот ескертуі тиіс.
Сонымен қатар, заңмен қарастырылған сот актісінің жедел орындалуы (173-бап) әкімшілік процестің қатысушыларының қолдаухаты, соттың өз бастамасымен жүзеге асырылады. Бұл жерде оның кеш орындалуы әкімшілік процестің қатысушыларына айтарлықтай зиян келтірер еді немесе оның орындалуын қиындатып, тіпті орындалмай қалуы да (мысалы, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты істер, лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану, тартып алуға жататын жер даулары, үйден шығаруды талап ететін баспана даулары) мүмкін болар еді.
Егер сот шешімі белгіленген уақытта ерікті түрде орындалмаса, алғашқы сатыдағы сот ақшалай айып салады (50 АЕК 127-бап 5-тармақ), егер сот шешімі ерікті түрде орындалмаса, атқару парағының негізінде мәжбүрлі түрде орындалады.
Әкімшілік процестің қатысушысының қолдаухатының негізінде сот өзіне жедел орындауға жіберілген сот шешімінің орындалуын кез келген уақытта тоқтатып қоя алады. Яғни, заңнама сіз бен біздің функционалдық міндеттеріміз бен мақсаттарымызды шешу барысында туындайтын маңызды жағдайларды барынша қарастыруға тырысқан.
Сот бақылауы мен сот жұмысының осы бағыттағы нақты шаралары ретінде мына мысалды келтіргім келеді. Сотта қаралған әкімшілік істің шешімімен жауапкерге талапкерді Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж жандардың тізіміне қосу міндеттелді. Бұған дейін оны бұл кезекке қоюдан бас тартылған болатын. Чернобыль АЭС-дегі апатты ауыздықтау барысында 2-топ мүгедегі болған талапкер атом станциясын ауыздықтауға қатысушы ретінде тиісті жеңілдіктерге ие, ҚР «Ардагерлер туралы» заңымен жеңілдіктер бойынша 1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апатты ауыз­дықтауға қатысушы ретінде Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген. Сот бақылауын жүзеге асыру барысында жауапкер шешімді уақытында орындап, талапкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді және қазіргі таңда жоғарыда аталған жеңілдіктерге ие тұлға ретінде баспана кезегіне қойылды.
Әрине, мемлекеттік органдармен бірлесе атқарған жұмыстың және оларды іске асырудың, «еститін мемлекетті» жүзеге асырудың арқасында ғана адамдардың санасында өзгерістер бола бастайды, оның нәтижесі де ашық әрі әкімшілік сот төрелігін жүргізетін судьялардың әкімшілік рәсімдері қолжетімді болады.

Ғалым Келдібаев,
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...