12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар теолог маманмен кездесті

Қызылорда облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қожахмет Кеңесбеков ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесудегі мақсат – сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру.
Іс-шара барысында теолог маман сотталған азаматарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау керек деді. Дәріс барысында намаз оқу тәртібін де айтып өтті. Теолог маман сотталғандардың діни ағымын анықтау үшін жеке қатылдау да жүргізді.
Іс-шараның соңында жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.
«Бүгінгі теологпен кездесу барысында дәрісті тыңдай отыра көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі, теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...