12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сессиясын шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі — жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — делінген хабарламада.

Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...