12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Татуласу: сотқа дейін, сотта»  жобасының маңызы зор

Мемлекет басшысы  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  атты Жолдауында дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажеттігін, бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға ке­луге жол ашатынын, дамыған елдерде мұн­дай институттар өзін-өзі таныта білуде екенін екшелей көрсетті. Ежелден дана халқымыз ел ішіндегі дауларды би-шешендеріміздің талқысына салып, дер кезінде тентектерін түзеп, дау-жанжалдарды шешкенін тарих беттерінен оқып өстік. Сондықтан, бүгінгі татуластыру, бітімгершілік рәсімдерін билер билігінің жалғасы десек қателеспейміз.

Елімізде дауларды өркениетті шешіп, тараптарды татуластыруда «Медиация туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, медиация кабинеттері, татуласу орталықтары ашылып, өңірлерде Билер кеңесі құрылды. Осылайша, ел арасында «дау мұраты – бітім» екені кеңінен айтылып, тараптарды татуластыру, болмашы жанжалдарды соттың талқысына шығармай-ақ реттеу үздіксіз насихатталды. Нәтижесінде,  соңғы 4 жылда сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге, яғни 900 мыңнан 370 мыңға дейін азайған. Бұрын бар болғаны санаулы  іс татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш бірнеше есеге артып отыр. Жалпы тараптар арасындағы татулықты сақтап, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуде «Татуласу: сотқа дейін, сотта»  жобасының маңызы зор  десек қателеспейміз. Еріктілік, тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық негізінде жүргізілетін медиацияның тиімді тұстары көп-ақ. Тіпті, қазіргі таңда онлайн-медиативтік келісім жүргізуге де  мүмкіндік бар. Атап айтсақ, медиация тараптардың медиатормен жеке-дара және  бірлескен кездесулері түрінде, телефонмен әңгімелесулері арқылы, электрондық хабарлар алмасу арқылы, тараптардың медиатормен бейне-конференц-байланыс арқылы жеке-дара және бірлескен әңгімелесулері түрінде жүргізілуі мүмкін.

                Сотқа дейінгі татуласу бойынша медиатор, заңгер, психологтар тараптарға барынша құқықтық көмек көрсетіп, даудың түйінін тарқатса, сотта татуласу бойынша кез келген уақытта тараптар істі тоқтатып, татуластырушы-судьяға жүгіне алатынын атап өткен жөн. Алайда, сотта істің қаралуы ұзаққа созылып, сот шешімі қос тараптың көңілінен бірдей шықпауы әбден мүмкін. Себебі, сотта бір тарап ұтылса, бір тарап жеңіске жетеді. Оған қоса мемлекеттік баж төлеп, заңгерге жүгіну қосымша қаржыны қажет етеді. Мұның барлығы  тығырыққа тіреп, арадағы  татулыққа сызат түсіретіні анық. Сондықтан, ағайын, туыс, көрші-қолаң арасындағы дауды сот таразысына салмас бұрын, біле-білгенге  арадағы сыйластық, кешірім қашанда заңнан да ізгі екенін ұмытпауға тиіспіз.

         Бүгінде дамыған елдерде даудың 80-90 пайызы бітіммен аяқталып, тек бітіммен шешуге келмейтін, күрделі деген  даулары ғана сотта қаралады екен. Сондықтан, дауды шешудің тиімді әдісі – татуласу, бейбіт келісімге келу екенін айта отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жалғастыру басты мақсатымыз. Себебі, «алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» демекші, татулық, бірлік,  ынтымақты ата-бабамыз берік ұстанған. Қорыта айтсақ, татулықты ту  еткен ата-баба жолын жалғап, береке басы-бірлікте екенін ұмытпайық.

Алтынай Базарова, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...