12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотқа тараптарды шақыру тәртібі

Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты. 

Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.     

Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.

Іске қатысатын адамдар хабарланатын және шақырылатын адамдар сотқа келмеген істер бойынша сот талқылауының уақыты, күні мен орны туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы,электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болған кезде хабарламалар тараптардың өкілдеріне жіберіледі.

Электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген бірінші хабарлама бойынша тарап келмеген жағдайда, қайта хабарлау соттың хабарлауының немесе шақыруының тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың және жеткізудің өзге де электрондық құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда: хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету; соттың атауы мен мекенжайы;  сотқа келетін жері мен уақытын көрсету; адресат хабарланатын немесе шақыртылатын істің атауы;адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырғандығын көрсету; іске қатысатын адамдарға дәлелдемелерді осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұсынбаудың салдарын көрсетіп, іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну; адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды қабылдаған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету; хабарландырылатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және келмеу себебін сотқа хабарлауға оның міндетті екендігін көрсету; шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды жіберген адамның қойған қолы қамтылуға тиіс.

Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.

Адресатқа электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша оларды жөнелту уақыты растайтын есеппен тіркеледі, ал қолма-қол жеткізілген жағдайда, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіртегінде немесе өзге де хабарламаның көшірмесінде белгіленеді.

Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу тапсырылған адам оның тапсырылған күні көрсетілген және адресаттың оларды алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіртегін немесе өзге де хабарлаудың көшірмелерін сотқа қайтаруға міндетті.

 Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген, шақырту бойынша келген куә, жәбірленуші, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы өзінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін орын алған іс-әрекет үшін немесе үкімдердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе оларға басқа да процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.

Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен процестік әрекеттерді жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол осы жерге өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген кепілдіктерден айырылады. Осы адам мүмкіндігі болып тұрса да, өз кінәсіне байланысты емес себеппен Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.

Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып: адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбiрленушi шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

                            Н.О. Асылбекова

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...