12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы: «Экологиялық шиеленіс ошақтарының картасы әзірленді»

Зұлфұхар Сансызбайұлы, көпшілікті алаңдататын атмосфералық ауа мен стихиялық қоқыстар мәселесі бойынша елімізде қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
– Осы проблемаларды шешу үшін министрлік бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлердегі экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол карталары іске асырылды. Атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іс-шаралары жүзеге асырылуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін экологиялық реттеу және бақылау жүргізілуде. Анықтамалықтар әзірленуде және өндірістік нысандарда ең озық қолжетімді технологиялар енгізілуде. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жол картасы әзірленді. Тарихи ластануларды жою жүргізілуде. Экологиялық шиеленіс ошақтарының картасы әзірленді. Сондай-ақ экологиялық заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылуда.
– Атмосфералық ауаның ластануы бүгінгі күннің ең көкейкесті мәселесі десек, қателеспейтін шығармыз?
– Оныңыз рас. Елімізде Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның жоғары ластануы орын алған. Оның басты себебі Алматы мен Нұр-Сұлтанда – жылу көздері (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және жеке сектор, Өскемен және Теміртауда – өнеркәсіп, Ақтөбе мен Атырауда – ескірген кәріз тазарту құрылғылары болып тұр.
Экологиялық проблемаларды соның ішінде атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мақсатында министрлік аумақтық әкімдіктермен бірігіп, Экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша Жол карталарын бекітті.
– Ластану көрсеткіші жоғары қалаларды атай кетіңізші.
– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2024 жылға дейін 100% газдандыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 30 мың жеке үйдің 14 мыңы газға қол жеткізе алады, 3 мың үйі немесе 20 пайызы газға қосылған. Газдандырудың кешенді жоспары бекітілді. 1-ші және 2-ші ЖЭО су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, бұл шығарындылар көлемін 20 мың тоннаға немесе 25%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластану индексі 7-ні (жоғары ластану) құрайды. Мұнда жылу көздерінің үлесі 42% (2-3 ЖЭО – 49,5 мың тонна), автокөлік үлесі 52% (74 мың тонна), жеке сектор үлесі 14% (20 мың тонна). Былтыр желтоқсан айында 2-ші ЖЭО-ны жаңғырту бойынша ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылысты аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр. ЖЭО жаңғырту шығарындыларды 2025 жылдың соңына дейін 37 мыңнан 6 мың тоннаға дейін немесе 83%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Қаланың жағдайына Алматы облысының 3 қала маңындағы ауданы да (Қарасай, Іле, Талғар) үлкен әсер етеді. Аталған аудандарда 32 мың үй газдандырылмаған. Оларды толық газдандыру 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Автокөлік бойынша, біріншіден, дизель­мен жүретін қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынып, қала әкімдігі 335 электр және газ автобустарын сатып алды. Екіншіден, қалалық қоғамдық көлік тармақтарын кеңейту және қалаға кіре берісте көлік қоятын тұрақ аймақтарын құру жоспарлануда. Мақсат – қаладан тыс жерлерден келген азаматтар үшін қалалық қоғамдық көлікке ауысып отыру үшін жеке автокөлікті қою. Үшіншіден, ЖҚС-да отынның сапасын К4 және К5 экологиялық сыныптарына сәйкестігіне бақылау анықталды. Ол үшін «Техникалық реттеу туралы» заң қабылданды. Төртіншіден, қалаға кіре берісте және одан шыға берісте «Сергек» бекеттерінің 21 жүйесі, сондай-ақ 19 экопост орнатылды. Бесіншіден, қаланың жасыл қорын ұлғайту жоспары бекітілді. 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам ағаш отырғызылды, биыл бұл көрсеткіш 1 млн-ға дейін жеткізіледі. Алтыншыдан, жел режимін зерттеуді компьютерлік модельдеу бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілуде, жел режимін ескере отырып, құрылыстың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Жалпы, айта кету керек, 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қала­да атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл атмосфералық ауаның жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
– Кәріздік тазарту құрылыстары бо­йынша жұмыстар қалай жүріп жатыр?
– Республика бойынша барлығы КТҚ-ның 53 нысанын реконструкциялау және салу талап етіледі. Бұл жобаларды іске асыруды Үкіметтің мемлекеттік кепілдігімен халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚК) қарыздарын тарту есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Бүгінде Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі 4 жылдық жеңілдікті кезеңмен 15 жылға қарыз бөлуге да­йын. Жалпы сомасы 104,3 млрд доллар болатын АДБ-ның 5 жобасының ТЭН-і бойынша (Балқаш, Сәтпаев, Степногорск, Жезқазған және Жаңатас) «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды. «КазЦентрГЧП» АҚ ұсынымы бойынша ТЭН алғашқы жартыжылдықта пысықталып, қайта енгізіледі.
ЕҚДБ ТЭН бойынша 6 жоба (Ақтөбе, Аягөз, Риддер, Қапшағай, Қарағанды, Қарағанды-Пришахтинск) «ҚазЦентрГЧП» АҚ ұсынымы бойынша ТЭН бірінші жартыжылдықта пысықталып, қайта енгізіледі.
АДБ гранттық қаражаты есебінен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЭН әзірлеу басталды. Жобаларды іске асыру елдегі экологиялық қондырғыны жақсартуға, жаңа технологияларды енгізуді және КТҚ-ны 15 жыл бойы кепілді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– «Жасыл Қазақстан» жобасындағы жұмыстар ше?
– Жоғарыда аталған қалалардағы 16 ірі өнеркәсіптік нысан «Жасыл Қазақстан» жобасы шеңберінде шығарындыларды 20-дан 30%-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелер қабылдады. Кәсіпорындар 2022 жылдың өзінде, Ұлттық жоспарға сәйкес, эмиссия нормативіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды әзірледі. 2021 жылы кәсіпорындардың экологиялық проблемаларын шешуге 167 млрд доллар бөлінді. Мысалы, «Kazakhmys Smelting» ЖШС кәсіпорны қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау есебінен ластаушы заттар шығарындыларын азайтпақ. Балқаш мыс қорыту зауыты күкірт қышқылы цехының екінші желісін салуды жоспарлауда. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 2,3 есе, яғни
61 мың тоннадан 26 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Жезқазған мыс қорыту зауыты жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын іске қосуды жоспарлап отыр. Онда күкірт диоксиді бойынша нормативтерді төмендету жылына 30 мың тоннаға (62 015,9-тен 32 015,97 тоннаға дейін) көзделген. Сондай-ақ, ERG компаниялар тобы алдағы 10 жылда кәсіпорындар бойынша шығарындыларды азайту үшін қолжетімді озық технологияларды енгізу арқылы шығарындыларды 67 мың тоннаға, оның ішінде қатты бөлшектер (46 мың тонна) мен газ тәріздес заттарды (21 мың тонна) азайтуды жоспарлауда. Сондай-ақ ластаушы заттардың шығарындыларын Павлодар алюминий зауыты ЖЭО-да 48 мың тоннадан 24 мың тоннаға, Еуроазиялық энергетикалық корпорация электр станциясы шығарындыларын 58 мың тоннадан 47 мың тоннаға, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 9 мың тоннадан 5 мың тоннаға, Ақсу ферроқорытпа зауыты 22 мың тоннадан 16 мың тоннаға, Қазақстан электролиз зауыты 1,7 мың тоннадан 1,2 мың тоннаға дейін төмендетпек.
– Азаматтарды алаңдататын тағы бір өзекті тақырып – қалдықтарды орналастыру мәселесі. Бұл бағыттағы шаруа қалай жүруде?
– Рұқсат етілмеген қалдықтардың ғарыштық мониторингі жасалып, 7328 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталып, олардың 6740-ы немесе 89% жойылды. Қызылорда, Атырау облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында қоқыс үйінділері толығымен жойылды. Министрлікке «жедел желі» арқылы келіп түскен 479 өтініштің 54%-ы (258) стихиялық қоқыс тастайтын жерлерге тиесілі. Мәселелерді шешу үшін қолданыстағыларды жою және жаңа стихиялық қоқыстардың пайда болуына жол бермеу бойынша кешенді шаралар әзірленді. Атап айтқанда, дүлей қоқыстардың пайда болуының жолын кесу бойынша бірлес­кен бұйрыққа (ІІМ, ИИДМ, ЭГТРМ) қол қойылды. Тұрғындардың стихиялық және контейнерлік қоқыс тастайтын жерлерге өтініштеріне ден қою жөніндегі «жедел желі» іске қосылды.
Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға 68 лицензия беріліп, қоқыс шығаратын кәсіпорындардың тізілімі жасалды. Былтыр ҚТҚ қалдықтарын қайта өңдеу үлесі 21%-ға дейін немесе 20 жылдық деңгейінен 2,7%-ға (2020ж. — 18,3%), өнеркәсіптік қалдықтар бойынша 38,2%-ға дейін ұлғайды. Ол 2021 жылы 36% болды. Алдағы уақытта біздің алдымызда оларды кәдеге жарату үлесін 24%-ға дейін, ал өнеркәсіптік үлесті 40%-ға дейін арттыру міндеті тұр.
– Қалдықтарды жинау ше?
– 134 қала мен ауданда қалдықтарды бөлек жинау енгізіліп, ол 65%-ды құрады. 96 елді мекенде сұрыптау енгізілді. Қалдықтармен айналысатын 205 ұйым тіркелген. Тарихи ластану проблемаларын шешу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. ПХД қауіпті қалдықтарын және құрамында тол бар қалдықтарды жою жөніндегі қондырғылар Қазақстанға БҰҰ-дан (ЮНИДО) өтеусіз негізде беріледі. Биыл жабдықтарды жеткізу күтілуде. 2021 жылдан бастап «Қошқар­ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру бойынша жоба жүзеге асырылуда. Оған
1 млрд теңге қаражат бөлінді. 2022 жылға 3 млрд теңге қарастырылды, жоба 24 жылға дейін іске асырылады.
– Экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселесі қашан шешімін табады?
– Былтыр екінші жартыжылдықтан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енді. Оны іске асыру үшін 133 құқықтық акт әзірленді. Олар ең озық қолжетімді технологияларды енгізе отырып, кешенді рұқсаттарға көшу келешекте ірі компаниялардың шығарындыларын 60%-дан астам қысқартуға, мемлекеттік жоспарлау құжаттарын стратегиялық экология­лық бағалауға, 1-санаттағы нысандар үшін шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде енгізуге және деректерді уәкілетті органға беруге мүмкіндік береді.
Министрлік экологиялық ақпаратты цифрландыру бойынша да жұмыс жасап, бірыңғай экологиялық портал әзірленді. Кәсіпорындардың өндірістік экологиялық мониторинг есептері цифр­ландырылып, автоматтандырылды, барлығы 3719 есеп келіп түсті. Табиғат пайдаланушылардың санаттылығын айқындау тәртібі автоматтандырылды. Бүгінгі күні 27 мың кәсіпорынның санаты айқындалды. Автоматтандырылған тіркеумен және жұртшылық үшін қолжетімділікпен қоғамдық тыңдаулардың электрондық порталы құрылды. Болашақта көрсетілетін «сараптама», «рұқсат» сияқты мемлекеттік қызметтерді терең цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Ерлік Ержанұлы, «Заң газет»

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлап, Қазақстанда республика соттарының сот отырысын тікелей эфирде өткізу тәжірибесі жалғасып жатқаны атап өтілді.

Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Министрлік жауабы

Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясында тағайындаулар жүргізді

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясында тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мемлекет...

«Жедел жәрдем шақыр дедім»: шымкенттік көріпкел сотта жауап берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында көріпкелден жауап алынды,...

БҚО-дағы су тасқыны: Жайықтағы қазіргі жағдай қандай?

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Орал қаласында Жайық өзенінің су...