12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Рақымшылық – қатені түзеуге берілген мүмкіндік

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар мен тұтас мемлекетіміздің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Президенттің бұл шешімі жазасын өтеу­шілер мен олардың жақындарына үміт сыйлады.

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Ел тарихында бұған дейін рақымшылық шарасы 8 рет қолданылған еді. Ширек ғасыр ішінде 9-шы рақымшылық шарасын жүргізудегі басты мақсат – темір тордағы азаматтардың санын азайту, олардың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік жасау.
Рақымшылыққа бірінші кезекте әлеуметтік жағынан осал адамдар, яғни ардагерлер мен басқа да адамдар, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар, осы заң қолданысқа енгiзiлетін күнге елу жасқа толған және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жасқа толған және ол жастан асқан ер адамдар, жүкті әйелдер, ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алған балалары бар, не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедек баласы (мүгедек балалары), сондай-ақ, бала кезінен мүгедек баласы (мүгедек балалары) болған әйелдер және ер адамдар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылатын азаматтар жатады. Алайда, бұл аталған әлеуметтік топтағылардың барлығы «Рақымшылық туралы» заңына ілініп, жазадан босатылады деген де сөз емес.
Іс жүзінде олай емес, біз бұл жерде сондай-ақ, ең алдымен «Рақымшылық жасау туралы» заңының 4-бабындағы рақымшылық тізіміне ілікпейтін адамдар мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың тізіміне назар аударуымыз қажет. Мысалға алатын болсақ, ҚК-нің 190-бабы үшінші және төртінші бөлігімен сотты болып, бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан әйел адам осы заң қолданысқа енгiзiлетін күнге елу жасқа толған не ол жастан асқан, сол сияқты оның асырауында кәмелетке толмаған балалары болса да, оған «Рақымшылық туралы» заңның талаптары қолданылмайды. Себебі оның бабы рақымшылыққа жатпайды, яғни, осы заңның 4-бабы 13-тармағында ҚК-нің 190-бабы үшінші және төртінші бөлігімен сотты болғандарға рақымшылық қолданылмайтыны нақты көрсетілген.
Сол сияқты террористік қылмыс жасаған, экстремистік қылмыс не экстремизм белгілері бар қылмыс жасаған, азаптаулар жасаған, қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза таға­йындалған, өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру таға­йындалған жазалар рақымшылыққа ілінбейді. Сонымен бірге қылмыс­тық топ, ұйымдасқан топ, қылмыс­тық ұйым, қылмыстық қоғамдас­тық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдас­тық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құрылым құрамында қылмыстар жасаған, өздеріне қатысты жаза орындалған және жазасын өтеген, жиынтығында олардың бiріне осы рақымшылық заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған, үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың бiріне осы аталған заңның күші қолданылмайтын қылмыс­тық құқықбұзушылықтар жасаған, «Рақымшылық жасау туралы» заң қолданысқа енгiзілетін күнге Қылмыс­тық-атқару кодексінің 130-бабына сәйкес, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасқөйлікпен бұзушылар деп танылған немесе жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс­тар жасаған сотталғандар да жеңілдіктерге ілінбейді.
«Рақымшылық жасау туралы» заңы сотталған адамдарға қандай мүмкіндік беретініне келетін болсақ, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар, залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар, залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босауға мүмкіндік алады. Себебі, негізгі жазамен бірге міндетті түрде тағайындау көзделген баптар бойынша сотталғандарды сот тек негізгі жазадан босатып, қосымша жаза заң бойынша орындалуға жатады.
Сол сияқты, теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, «Рақымшылық туралы» заңы қолданысқа енгiзілетін күнге жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар да негізгі жазадан босатылуы тиіс.
Жаза мерзімдерінің қысқартылуына келетін болсақ, оның да өз шарттары бар. Атап айтқанда, жазадан босатылуға жатпайтын ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі немесе мөлшері екіден бір бөлігіне, әлеуметтік жағынан осал адамдарға ауыр қылмыстар бойынша екіден бір бөлігіне, аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды және өздеріне қойылған талап қою талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі ауыр қылмыстар бойынша үштен бір бөлігіне, аса ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігіне, басқа жағдайларда ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігіне, аса ауыр қылмыстар бойынша алтыдан бір бөлігіне жазаларының өтелмеген бөлігі қысқартылуы тиіс.
Ата Заңымызда «Елдің басты байлығы – адам және оның құқығы мен бостандығы» деп атап көрсетілгендей, елімізде барлық азаматтардың, олардың сотты болған, болмағанына қарамастан, мүдделері мен заңды құқықтары теңдей қорғалады.

Зәуре Қазақбай,
Атырау қаласының №2 сотының судьясы

Атырау облысы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...