12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот тәуелсіздігін нығайтатын құжат

Отандық заң шығару саласында үлкен жұмыс­тар атқарылды. Бүгінгі күнге дейін азаматтық, құқықтық қарым-қатынасты заңдық тұрғыда шешетін құжаттар халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, заңнамалар сапалық тұрғыда өсті. Заман тынысына қарай, қоғамның қажеттілігін ескере отырып заңдарға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл жаңашылдықтың тамырында азаматтардың құқығы мен бос­тандығын қорғаудың тетіктерін жандандыру, заңдарды жетілдіру үшін болып жатқаны айқын. Ал елдегі тура төрелік пен әділдіктің кепілі – сот қызметін үйлестіру үшін де заңдарды жаңғырту керек. Был­тыр Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының сот құрылымы мен судьялар үшін маңызы айрықша.
Жалпы, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заң 2000 жылы 25 желтоқсанда қолданысқа енгізілген еді. Бұл құжат сот жүйесінің жұмысын бір ізге түсіріп, судьялардың тәуелсіздігі мен жауаптылығын жан-жақты белгілеуімен құнды. Ал араға 11 жыл салып заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудегі негізгі мақсат – судьялардың кәсіби дайындығын шыңдау, сот жүйесіне білікті маман тарту, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ, сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеуді көздеп отыр.
Қаржы үшін, материалдық қолдау үшін билікке, әкімдікке тәуелді болған сотты тәуелсіз, шешімді әділ шығарады дегенге күмән көп. Осыған орай кезінде әр соттың жанынан сот әкімшілері құрылып, материалдық-техникалық қажеттілікті реттеудің дербес тетігі енгізілген еді. Ал жаңа заңға сәйкес соттарды қаржыландырудың жаңа моделі қолданысқа енді. Соған орай рес­публикалық бюджеттен ақша пайыздық өлшеммен беріледі. Оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды. Жалпы алғанда, соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу, сондай-ақ, судьялардың өзін-өзі басқару органдарының қаражатты бөлуі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Мұның оң тұстары аз емес.
Жаңа заңда сот тәуелсіздігін нығайту екі негізгі өзгерісті қамтиды. Оның біріншісі, сот корпусының кәсіби шеберлігін жетілдірумен, судьялардың біліктілігін көтерумен байланысты. Яғни, өз ісін білетін, заңды бес саусағындай меңгеріп қоймай, оны арына сүйене отырып қолдана алатын, қабілеті мен біліктілігіне сенетін судьялар қатарын көбейту сот тәуелсіздігін нығайтады. Соған орай, заңнамада судьяларды іріктеудің, судья лауазымына үміткерлер арасынан мықтыларды таңдаудың механизмі жетілдірілген. Бұған қоса, судьялардың кәсіби қызметіне баға беруге, судьяларды жауапкершілікке тартудың мерзіміне қатысты өзге­рістер қамтылған.
Ал екінші тетік соттарды қаржыландырудың жаңа моделі арқылы сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Еліміздің Конституциясына сай судьялардың материалдық мәселесін шешу, тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл соттың ешкімге жалтақтамай шешім қабылдауы үшін қажет.

Жайық Жанболатов,
Қапшағай қалалық сотының судьясы
Алматы облысы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...