12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ювеналды соттарға жүктелер жауаптылық жоғары

Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарап және олардың мүдделерін қорғайтын мамандандырылған ауданаралық соттардың құрылғанына он жыл толып отыр. 2012 жылы 4 ақпанда Мемлекет басшысының «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына орай еліміздің түкпір түкпірінен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын.
Солардың бірі Алматы облысындағы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарасай ауданы Қаскелең қаласында құрылып, Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар және Райым­бек аудандарын қамтитын кәмелетке толмағандарға қатысты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарайды. Президент Жарлығына сәйкес Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алғашқы төрағасы болып Фархад Абдуллин таға­йындалған.
Аталмыш сот жүйесінің құры­луы­нан бастап, қалыптасуына дейінгі кезеңде біліктілігін аямаған Фархад Фазылжанұлынан соң 2014 жылдың 8 шілдесінен бастап сотқа Берік Тілеуғалиұлы Күзенбай төрағалық етті. Ал 2019 жылдан бастап сот құрамы кеңейе түсті. Төраға болып Жанар Адайбекқызы Бейімбетова тағайындалып, судья Нұрлан Төреханұлымен қатар кеңсе меңгерушісі мен кеңсе мамандары және сот психологы халыққа қызмет ете бастады.
Сот менің де алғаш құрылған жылдары судьялық қызмет еткен жерім. Балалар тағдырымен тікелей байланысты сот жүйесі болғандықтан жауапкершілігі де жоғары еді. Ювеналды соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтаумен байланыс­ты мәселелерді кешенді түрде шешуге ықпал етеді.Дер кезінде құрылған бұл сот Қазақстанның сот жүйесінде бала мен отбасындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.Бұл сот жүйесінде алуан түрлі істер қаралады. Күнделікті балаларға қатысты істермен айналысатын судьялар салада қордаланып қалған мәселелерді де жақсы біледі. Соның ең бастысы, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау мен орналастыру, олардың құқықтарын қорғау, патронаттық тәрбиешілерге бақылау жүргізу, асырап алушылардың есебін жасау, бөлек тұратын ата-­аналардың балаларымен кездесу уақытын белгілеу, ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз жолдау секілді салада қордаланған мәселелер өте көп. Сондықтан, сот жұмысы айтарлықтай күрделі деп айта аламыз.
Атап өтер жайт, кәмелетке толмағандар үшін сот әділдігінің мақсаты оларды қоғамнан алшақтату емес керісінше тұлғаның әрі қарай қылмысқа ұрынуын болдырмау және баланың әлеуметтік ақталуына септігін тигізу. Жанар Адайбекқызы «Қызметімде ең керемет сезімге бөленетін сәт бала асырап алу жөніндегі шешімді жариялау» дейді. Әрбір баланың жанына терең үңілетін сот мамандары олардың тағдырына да жандары ауырады.
Биыл барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті биыл Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз» – деді. Демек бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек.Осы орайда ювеналды әділет жүйесін дамыту мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі деп айта аламыз. Он жылда бала тағдырына тиімді ықпал етуге тырысқан сот жүйесі алдағы уақытта да жұмыс сапасын жетілдіре түсетініне сенімім мол!

Қалима Дуанбекова,
Әуезов аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...