12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандықтар 100 күн бойы денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарын жолдай алады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтардан 100 күн бойы ұсыныстар қабылдайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстар атқармақ. 

“​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн — 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын», — деп жазды министр.

Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады: электронды пошта — [email protected]; ресми сайт — https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru; әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар — https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_linkhttps://www.facebook.com/MinzdravRK

Түркістанда бір күнде 15 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Түркістан қаласында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын...

ҚазҰУ-да баспагерлік – редакторлық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жазушы, фольклоршы,...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның...

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілдің әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей...

В области Ұлытау планируется посадить 18 миллионов деревьев

В Караагашском лесничестве Жанааркинского района области Ұлытау до 2025...