12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар ауруханадан қайда жеткізілді?

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен науқастар қайда жеткізілгенін және олар қандай жағдайда болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та қаладағы тәртіпсіздіктер барысында жараланғандар Алматы ауруханаларынан шығарылғаны туралы хабарлама тарады. БАҚ мәліметінше, оларды күш құрылымдары өкілдері алып кеткен.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі тәртіпсіздік кезінде Алматы ауруханаларына 1256 адам жүгінгенін, оның 506-сы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Бір бөлігі ауруханаларға жедел жәрдем көліктерімен жеткізілген, бір бөлігі өздігінен келгені белгілі болды. Барлығына медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханаларда 33 науқас бар.

«Ауруханаға түскеннен бірнеше күн өткен соң, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кейбір науқастарды әскери госпитальдар алып кетті. Сондай-ақ, науқастардың бір бөлігін тергеу органдары жедел-тергеу шараларын жүргізу үшін ауруханалардан шығарды. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ғана алып кетті», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Аким области Марат Султангазиев запустил акцию «Киелі мекен»

В рамках данной акции по области проведены мероприятия на...

Алматы облысында «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер...

 «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы мәресіне жетті

Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жас ғалымдардың білімін насихаттайтын дәстүрлі...

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бойынша ақпарат

12.04.2024 күні, Алматы қаласы Еңбек мобильді орталығы КММ-і, Жетісу...

Глава КУИС посетил колонии Алматы и Алматинской области

В Департамент уголовно-исполнительной системы по г.Алматы, Алматинской области и...